ПОДЕЛИТЬСЯ
18 наурыз 2019 | 09:30
UFC спортшысы телесұхбат кезінде төбелес шығарды
Америкалық файтер Хорхе Масвидал 16 наурызда Лондонда өткен UFC Fight Night 147 турнирінің басты жекпе-жегінде Даррен Тиллді нокаутпен жеңгеннен кейін төбелес шығарды. Бұл туралы "Чемпионат" хабарлады.

Кездесуден кейін Масвидал журналистерге сұхбат беріп тұрған, сол сәтте сайыстың тағы бір қатысушысы англиялық Леон Эдвардсты көріп қалды, ол да өз жекпе-жегінде жеңіске жеткен еді.
Басылымның мәліметінше, спортшылар сөзге келіп қалған, артынша жанжал бірден төбелеске жалғасты. Спортшыларды ажыратып тастады, екеуі де сұхбат бермей, стадионнан кетіп қалған. Эдвардстың сол төбелестен соң жарақат алғаны хабарланды. Оқиға телетрансляция эфиріне түсіп қалды.
Эдвардс кейінірек бұл жағдай туралы Instagram желісінде жазды. "Хорхе, сенде таза ойын деген түсінік жоқ. Мен күтпей тұрған сәтте ұрып жібердің. Бірақ шаруаң бітті. Егер күзетшілер болмағанда, АҚШ-қа оралмас едің. Жақын арада көрісеміз", - деді спортшы.
Показать комментарии
Читайте также