14 маусым 2020 09:45

UFC тарихындағы алғашқы қазақстандық қыз бірінші раундта жеңіске жетті

Мария Агапова. Фото: instagram.com/mma.mashka

Қазақстандық файтер Мария Агапова UFC-дегі дебют кездесуін жеңіспен аяқтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық файтер Мария Агапова UFC-дегі дебют кездесуін жеңіспен аяқтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін Агапова Лас-Вегаста UFC Fight Night 172 турнирінде алғашқы кездесуін өткізді. Ол америкалық Ханна Сайферспен жекпе-жекке шықты, қазақстандыққа қарсыласы бір апта бұрын ғана тағайындалған. Өйткені, бастапқыда қарсылас ретінде жоспарланған бразилиялық Мелисса Гатто АҚШ-қа виза ала алмаған.

Реклама
Реклама

23 жастағы қазақстандық жекпе-жекті сергек бастап, қарсыласын бірінші раундта-ақ қылқындыру әдісі арқылы жеңді.

There's a new name to learn at flyweight ?? #UFCVegas2 pic.twitter.com/oeNZh5vlBn

— UFC (@ufc) June 14, 2020

Агапова UFC-те дебют жасаған еліміздегі алғашқы қыз. Мұның алдында ол өзінің туған қаласы Павлодарға қайтып оралмайтынын мәлімдеген болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram