1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Спорт

UFC Vegas 44: Қазақстан тумасы Рафаэль Физиев қарсыласын нокаутқа түсірді

Қазақстан тумасы Рафаэль Физиев UFC-де кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме

Фото: UFC

Қазақстан тумасы Рафаэль Физиев UFC-де кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

UFC Vegas 44 турнирінің басты жекпе-жегінде Рафаэль Физиевтің қарсыласы Жаңа Зеландиядан келген Брэд Ридделл болды, оны Физиев үшінші раундта нокаутқа түсірді. 

Еске салайық, турнирдің алдын ала кардында қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов өнер көрсетті, ол UFC-де алғаш рет нокаутпен жеңіліп қалды.

Рафаэль Физиев 11 жасқа дейін Қазақстанда тұрған, кейін оның отбасы Бішкекке көшіп кеткен. Ол UFC-мен келісімшартқа отырған алғашқы Қазақстан тумасы. Айта кетейік, Физиевтің менеджері - қазақстандық Саят Абдрахманов.

Фото: UFC

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!