“Үлкен жауапкершілік болды“. Ербол Хамитов Президентке алғыс айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
“Үлкен жауапкершілік болды“. Ербол Хамитов Президентке алғыс айтты Фото: Ақорда

Ербол Хамитов әлемдік додаға аттанар алдында мемлекеттік Туды тапсырып, сенім артқаны үшін Президентке алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Ербол Хамитов әлемдік додаға аттанар алдында мемлекеттік Туды тапсырып, сенім артқаны үшін Президентке алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Осы Паралимпиада ойындары мен үшін үлкен жауапкершілік болды. Сіздің қолдауыңызбен жеңіске жеттік. Бұған мамандардың және бапкерлердің сіңірген еңбегі зор. Сіздің қолдауыңыз әр спортшыға күш-қуат береді. Біз мұнымен тоқтамаймыз", – деді Паралимпиада чемпионы.

Бұған дейін Мемлекет басшысы ХIV Қысқы Паралимпиада ойындарындағы (Италия) жоғары спорттық жетістіктері үшін Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама