Универсиада-2017 ойындарында шорт-тректен Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы финалға шықты

Алматы ?тіп жат?ан 28-ші ?ыс?ы Универсиада-2017 ойындарында ?аза?станны? шорт-тректен ерлер ж?не ?йелдер ??рамасы финал?а шы?ты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада-2017 ойындарында Қазақстанның шорт-тректен ерлер және әйелдер құрамасы финалға шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

5000 метр қашықтықта ерлер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы өз тобында бірінші орын алды. Сонымен қатар іріктеу кезеңіннен финалға Ресей, Қытай және Корея құрамалары шықты. Финал ертең, 7 ақпанда, Астана уақытымен 18:01-де басталады. 

Қазақстан құрамасының сапында Абзал Әжіғалиев, Айдар Бекжанов, Денис Никиша, Нұртілек Қажығалиев және Нұрберген Жұмағазиевтер бар. 

Реклама
Реклама

3000 метр қашықтықта әйелдер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы өз тобында екінші орын алды. Сонымен қатар іріктеу кезеңіннен финалға Жапония, Қытай және Корея құрамалары шықты. Финал ертең, 7 ақпанда, Астана уақытымен 17:43-те басталады. 

Қазақстан құрамасының сапында Ким Йонг А, Анастасия Крестова, Анита Нагай, Ольга Тихонова және Мадина Жанбосыновалар бар.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама