Усэйн Болт 2008 жылғы Олимпиаданың алтын медалінен айырылды

© AP Photo/ Petr David Josek

Ямайкалы? ата?ты желая? Усэйн Болт 2008 жыл?ы Олимпиаданы? алтын медалінен айырылды, - деп хабарлайды Vesti.kz ?аза? б?лімі Халы?аралы? Олимпиада комитетіні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Ямайкалық атақты желаяқ Усэйн Болт 2008 жылғы Олимпиаданың алтын медалінен айырылды, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі Халықаралық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ол командадағы серігі Неста Картердың қанынан тыйым салынған заттардың анықталуына байланысты осындай жазаға тартылып отыр. Атлеттің қанында жеңіл атлетикада кең таралған туринабол аппараты табылған.

Болтпен қатар, сол эстафетаға қатысқан Асафа Пауэлл мен Майкл Фратер де медальдан айырылып отыр - команданың көрсеткен нәтижесі жойылып, енді спортшылар медальді қайтаруы тиіс. 

Реклама
Реклама

Осылайша атақты желаяқтың Олимпиадаларда алған сегіз медалі қалды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама