ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 25 қаңтар 2017 21:59
Усэйн Болт 2008 жылғы Олимпиаданың алтын медалінен айырылды
Ямайкалық атақты желаяқ Усэйн Болт 2008 жылғы Олимпиаданың алтын медалінен айырылды, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі Халықаралық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол командадағы серігі Неста Картердың қанынан тыйым салынған заттардың анықталуына байланысты осындай жазаға тартылып отыр. Атлеттің қанында жеңіл атлетикада кең таралған туринабол аппараты табылған.
Болтпен қатар, сол эстафетаға қатысқан Асафа Пауэлл мен Майкл Фратер де медальдан айырылып отыр - команданың көрсеткен нәтижесі жойылып, енді спортшылар медальді қайтаруы тиіс.
Осылайша атақты желаяқтың Олимпиадаларда алған сегіз медалі қалды.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу