ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 26 ақпан 2018 10:41
Усэйн Болт: Футбол командасымен келісімшартқа отырдым
Ямайкалық жеңілатлет, сегіз дүркін Олимпиада чемпионы және он бір дүркін әлем чемпионы Усэйн Болт футбол командасымен келісімшарт жасасқаны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Мен футбол командасымен келісімшартқа отырдым! Сейсенбіде қандай клуб екенін білесіздер", - деді Болт Instagram желісіндегі парақшасында.
Қаңтардың соңында 31 жастағы Болттың ОАР-дағы "Мамелоди Сандаунз" клубының жаттығу процесіне қатысқаны хабарланған болатын.
Осыған дейін Болт "Манчестер Юнайтед" ойыншысы болуды армандайтынын айтқан еді, сонымен қатар наурызда дортмундтық "Боруссияда" бағын сынап көретінін де айтқан болатын.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу