Усэйн Болт футболшы мансабын бастау үшін клуб тапты

100 метр ж?гіруден Олимпиада ойындарыны? сегіз д?ркін чемпионы ямайкалы? Усэйн Болт футболшы мансабын бастау ?шін клуб ?арастырып ж?р, - деп хабарлайды Daily Express.

100 метр жүгіруден Олимпиада ойындарының сегіз дүркін чемпионы ямайкалық Усэйн Болт футболшы мансабын бастау үшін клуб қарастырып жүр, - деп хабарлайды Daily Express.

"Жарақат артта қалды, қазіргі жағдайым жақсы. Наурызда дортмундтық "Боррусияда" сынақтан өтетін боламын. Соның нәтижесінде менің футболшы мансабымды бастау не бастамау шешілгелі тұр. Егер "Боррусияда" маған сәл жаттықсаң барлығы да жарап тұр десе, мен солай істеймін", - деді ямайкалық спринтер. 

Сонымен қатар, Болт "Манчестер Юнайтед" сапында өнер көрсетуді армандайтынын да жасырмады. "Мен Алекс Фергюсонмен сөйлестім, мен үшін бір ауыз жақсы пікір қосуын сұрадым. Ол маған денсаулығым дұрыс болып, жақсы формада болсам, бірдеме істеп көруге болатынын айтты", - деді ол. 

Реклама
Реклама

Маусымда жеңілатлет "Боруссияда" жаттығатынын айтқан еді.

2017 жылы тамызда ол Лондонда өткен әлем біріншілігіне эстафета жарысына қатысқан еді, алайда жарақатына байланысты мәре сызығын кесіп өте алмады. Соған қарамастан 100 метр қашықтыққа жүгіруден ол қола медальді иеленді. Осы турнир Болттың спорттық мансабындағы соңғы жарысы еді. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама