Ветториді жеңген Адесанья UFC чемпиондық атағын сақтап қалды

Ветториді жеңген Адесанья UFC чемпиондық атағын сақтап қалды Фото: Instagram/bleacherreport

Исраэль Адесанья UFC чемпиондық атағын сақтап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Исраэль Адесанья UFC чемпиондық атағын сақтап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, шыққан тегі нигериялық бірақ Жаңа Зеландия елінің атынан шығатын 31 жастағы Исраэль Адесанья Марвин Ветториді жеңіп, UFC ұйымында жеңіл салмақта чемпиондық атағын қорғап қалған.

"Аризона штаты Глендейл қаласында өткен UFC 263 турнирінде Исраэль Адесанья 27 жастағы италиялық Марвин Ветторимен жекпе-жек өткізді. Бұл спортшылар екінші рет кездесіп отыр. 2018 жылы өткен бірінші кездесуде Адесанья төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жеткен еді", - деп жазды басылым.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, екінші кездесуде де Адесанья үстем түсіп отыр. Бес раундтың қорытындысы бойынша төрешілер 50-45 есебін тіркеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама