28 қаңтар 2022 | 10:06

WBO Әлімханұлы мен Андрадеге талап қойды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:instagram.com/janibek_alimkhanuly

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен америкалық Деметриус Андрадеге орта салмақтағы титулға жекпе-жек өткізу үшін қосымша мерзім берілді. WBO өз шешімін промо-сауда басталғанға дейін хабардар етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен америкалық Деметриус Андрадеге орта салмақтағы титулға жекпе-жек өткізу үшін қосымша мерзім берілді. WBO өз шешімін промо-сауда басталғанға дейін хабардар етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Андраде жекпе-жексіз титулдан бас тартатыны хабарланған, ол карьерасын дамыту үшін басқа бағыт таңдады және қазақ боксшыға басқа қарсылас ұсынған болатын.

"Барлық мүдделі тараптар арасында жалғасып жатқан талқылауларды ескере отырып, WBO комитеті тараптарға келісімге келу үшін күнтізбелік бес күн мерзім бергенін ескертеміз.

Осылайша, WBO штаб-пәтерінде 28 қаңтарға жоспарланған Деметриус Андраде мен Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегінің саудасы бірден кейінге шегерілді.

Егер осы құжатта көрсетілген мерзімде келісімге қол жеткізілмесе, сауда-саттық рәсімі WBO әлем чемпионы атағы бойынша күрес ережелеріне сәйкес өткізіледі. WBO комитеті титулдық жекпе-жектерге арналған WBO ережелерінің мақсаттарына, саясаты мен ниеттеріне қол жеткізу үшін қажетті, пайдалы және ыңғайлы деп есептейтін барлық шешімдерді қабылдау құқығын өзіне қалдырады", - деді WBO.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная