Хабиб Нурмагамедов Мейвезердің UFC чемпионы МакГрегорды талдырып тастауын тіледі

© Allboxing

Ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедов 26 тамызда же?іл салма?та UFC  чемпионы Конор МакГрегор мен америкалы? боксшы Флойд Мейвезер арасында?ы жекпе-жекті міндетті т?рде к?ретінін айтады. Сонымен бірге, ол Мейвезерді? ирландиялы? файтерді талдырып тастауын ?алайтынын да жасырмады, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтыны? ?аза? б?лімі. 

Ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедов 26 тамызда жеңіл салмақта UFC  чемпионы Конор МакГрегор мен америкалық боксшы Флойд Мейвезер арасындағы жекпе-жекті міндетті түрде көретінін айтады. Сонымен бірге, ол Мейвезердің ирландиялық файтерді талдырып тастауын қалайтынын да жасырмады, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 

"Әрине, жекпе-жекті көремін. Мейвезер жеңетін сияқты. Негізі Конорды талдырып тастағанын қалаймын. Сосын мен Фергюсонмен жұдырықтасып болғанша дейін Конордың үзіліс ала тұрғаны жақсы болатын еді. Кездесудің екінші бөлігінде, алты раундтан кейін Мейвезер оны ойыншық қылады. Флойд мүлде басқа деңгейдегі боксшы. 

ММА мен бокс мүлде басқа. Тік тұрып жұдырықтасатын файтерлер үшін күрес амалдарын қолданбай кәсіпқой боксшымен спарринг өткізу ауыр. Бірақ бір түйткіл бар, Мейвезер екі жыл жұдырықтасқан жоқ және бұрынғыдай жаттыққан да емес. Оның физикалық дайындығы қандай деңгейде болатыны көпшілікті қызықтырып отыр. Осының бәрі алдағы жекпе-жекті қызықты етіп тұр", - деп келтіреді Нурмагамедовтың сөзін sport-express.ru.

Реклама
Реклама

Еске салайық, жекпе-жек 26 тамызда Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама