Хабиб Нурмагомедов кіші-Флойд Мейвезерді жекпе-жекке шақырды

Камила Долаева Журналист
Хабиб Нурмагомедов кіші-Флойд Мейвезерді жекпе-жекке шақырды ©Reuters

Ресейлік жеңіл салмақ дәрежесіндегі UFC чемпион Хабиб Нурмагомедов салмағына қарамастан америкалық үздік боксшы кіші-Флойд Мейвезерді жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

"Флойд, алға! Мен жекпе-жекке шығуға дайынмын: 50-0 қарсы 27-0. Екеуміз де жеңіліп көрмегенбіз. Неге бірге шықпасқа? Джунглиде тек бір патша бар, ол - мен, себебі мен Конорды оңай жеңдім, ал ол жоқ", - деді Нурмагомедов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, 6 қазанда Лас-Вегаста Нурмагомедов МакГрегорды төртінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңген еді. Осылайша, ол жеңіл салмақта чемпион атағын қорғап қалды. Ал ирландиялық спортшы бұрындары Мейвезерден жеңіліп қалған.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама