Хабиб Нурмагомедов қазақстандық турникменді шапалақпен ұрды

UFC 223 турнирі ?арса?ында песейлік файтер Хабиб Нурмагомебов пен Артем Лобов жанжалдасып ?алды, - деп жазады Sports.ru.

UFC 223 турнирі қарсаңында песейлік файтер Хабиб Нурмагомебов пен Артем Лобов жанжалдасып қалды, - деп жазады Sports.ru.

Желіде спортшылардың Нью-Йорктегі қонақүйлердің бірінде ерегескені түсірілген видео таралып жатыр. Нурмагомедов ашулы, бір сәтте тіпті Лобовтың желкесінен ұстайды. Қақтығыс түсірілген видеода қазақстандық воркаутшы, соңғы кезде әйгілі Конор МакГрегор болып пранк ұйымдастыру арқылы танылған Ислам Бадургов та бар. Таяуда Ислам ММА-ға өтетінін мәлімдеген Бадурговты ашуға берілген ресейлік шапалақпен ұрған.

Реклама
Реклама

Басылымның мәліметінше, Нурмагомедов Лобовтың сұхбатындағы сөздеріне ренжіген. Лобов сұхбатында ресейліктің сәл ғана жарақат алса жекпе-жектен бас тартатынын мәлімдеген еді.  

Айта кетейік, UFC 223 турнирі 7 сәуірде өтеді. Басты жекпе-жекте Нурмагомедов пен жарақат алған америкалық Тони Фергюсонның орнына отандасы Макс Холлоуэ кездеседі. Ал Лобов осы кештің андеркартында төбелеседі.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама