Хабиб Нурмагомедов қазақстандық воркаутшыны неге ұрды? Оқиғаның мән-жайы

UFC ?йымында ?нер к?рсететін ресейлік спортшы Зубайра Тухугов Хабиб Нурмагомедов пен Артем Лобов арасында бол?ан кикілжі? туралы айтып берді. Б?л жанжал?а ?аза?станды? жігіт Ислам Бадурговты? да ?атысы бар, - деп жазады Vesti.kz порталы.

UFC ұйымында өнер көрсететін ресейлік спортшы Зубайра Тухугов Хабиб Нурмагомедов пен Артем Лобов арасында болған кикілжің туралы айтып берді. Бұл жанжалға қазақстандық жігіт Ислам Бадурговтың да қатысы бар, - деп жазады Vesti.kz порталы.

Ғаламторда спортшылардың арасында болған жанжалдың видеосы шықты. Онда Нурмагомедов дөрекі түрде өзінің бұрынғы отандасы Лобовтың желкесінен ұстап алғаны көрінеді.

Бұл жанжалға ережесіз жекпе-жек спортындағы карьерасын бастауға бел буған танымал қазақстандық воркаутшы Ислам Бадургов та қатысқан. Ол Конор МакГрегорға пародия жасап, көпшілікке танымал болды. Кейіннен оны жанкүйерлер ирландиялық спортшының егізі десе, МакГрегордың өзі Исламды жаттығу лагеріне шақырды.

Реклама
Реклама

Лондон қаласында тұратын Лобов та UFC ұйымының өкілі. Ол МакГрегордың командаласы әрі спарринг қарсыласы.

Бұл жанжалдың мән-жайын түсіндіру үшін Тухугов Instagram әлеуметтік желісіне жазба шығарды.

"Салам Алайкум, шешендермен шаруаны ылғи өзім шешетін едім, ешқашан, ешкімге шешеннің абыройын түсіруге жол бермеймін. Біз барлығымыз оған басқа біреудің проблемасына араласпа, Хабибке сол сұхбаты үшін Лобовты жазалауға кедергі келтірме дедім. Бірақ ол араласа берді. Содан соң Хабиб оның жағасынан ұстап алды. Кейін мен онымен шешендерше шешетінімді айтып, өзім шештім. Хабиб оны мойнынан ұстап итеріп жіберді. Осы ғана. Сол жерде болған менің барлық достарым оның шешен екенін де білмедік. Содан кейін ғана Исламмен қол алысып, бұл әңгімені жаптық. Сондықтан да менің бұл әкерекетіме көңілі толмағандар, менің дайректіме жазсын", - деп жазды Тухугов.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама