Хабиб Нурмагомедовтың көп күттірген жекпе-жегі не себепті өтпей қалғаны белгілі болды

Ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалы? Тони Фергюсонны? жекпе-жегі ?тпейтін болды, - деп хабарлайды Allboxing.ru.

Ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Тони Фергюсонның жекпе-жегі өтпейтін болды, - деп хабарлайды Allboxing.ru.

ММА әлемінде маңызды саналатын жекпе-жек ресейліктің денсаулығына байланысты кейінге қалдырылған. Жеңіліп көрмеген екі спортшының кездесуі 4 наурызда Лас-Вегаста UFC 209 турнирінің аясында өтуі тиіс болған. 

Алайда салмақ өлшеу рәсіміне үш сағат қалғанда ресейлік спортшы ауруханаға түсіп қалды, себебі ол салмақ тастаймын деп, әлсіреп қалған. 

Реклама
Реклама

"28 жастағы Хабиб Нурмагомедов бейсенбіде кешкі уақытта салмақ тастаудан әлсіреп, медициналық орталыққа жеткізілді. Ол жәрдем көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Жекпе-жек дәрігердің кеңесінен кейін кейінге қалды", - делінген UFC мәлімдемесінде.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама