Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Қазақстанға 50 мың доллар айыппұл салды

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) ауыратлеттерге допинг қолданды деген күдік келгендіктен Қазақстанға 50 мың доллар айыппұл салды. Бұл туралы Vesti.kz Azerisport.com  басылымына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Айыппұл ереже бұзды делінген спортшылардың саны бойынша салынды. Әзірбайжанның алты спортшысына айыппұл салынды. Ресейде - төрт, Қазақстан, Молдова және ҚХДР-да - үшеуден. 

Осыған байланысты IWF Әзірбайжанға 200 мың доллар, Ресейге 100 мың доллар, қалғандарына 50 мың доллардан айыппұл салды. Егер ел айыппұлды төлемесе Олимпиада-2016-ға қатысуға лицензиясыз қалады екен. 

Реклама
Реклама

Осыған дейін IWF қазақстандық ауыратлеттер Алмас Өтешов, Жасұлан Қыдырбаев және Ермек Өміртайды допинг қолданды деп айыптап, уақытша шеттеткен болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама