Халықаралық Олимпиада комитеті Илья Ильиннің жүлделерін қайтарып алды

© wfrk.kz

?аза?стан Республикасы ?лтты? Олимпиадалы? комитеті Халы?аралы? Олимпиадалы? комитеті тарапынан а?засынан тыйым салын?ан препараттарды? ізі табыл?ан 2008 ж?не 2012 жылдарда?ы Олимпиада ойындарына ?атыс?ан ?аза?станды? спортшы Илья Ильинге ?атысты жаза ?олданыл?анды?ы туралы ресми хабарлама алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ?лтты? олимпиадалы? комитетті? сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті Халықаралық Олимпиадалық комитеті тарапынан ағзасынан тыйым салынған препараттардың ізі табылған 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық спортшы Илья Ильинге қатысты жаза қолданылғандығы туралы ресми хабарлама алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ұлттық олимпиадалық комитеттің сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық Олимпиадалық комитетінің тәртіптік комиссиясы 2008 жылы Бейжіңде және 2012 жылыЛондонда өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, 94 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің "А" және "В" допинг сынамаларының қосымша тексеру қорытындысы бойынша қазақстандық спортшыны сол Ойындардан шеттетіп, көрсеткен нәтижелерінің күшін жойып, жүлделерін қайтарып алу туралы шешім шығарды.

Спортшыға қолданылатын жазаның мерзімін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) анықтайды.

Реклама
Реклама

Естеріңізге сала кетейік, "әділ спорт" қағидалары мен таза спортшыларды қорғау және допингті қолдануға "нөлдік төзімділік" саясатын қолдау - Халықаралық Олимпиадалық комитеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті қызметінің басты бағыты. ҚР ҰОК Халықаралық Олимпиадалық комитеті тарапынан танылған еліміздегі жалғыз ұйым, сонымен қатар Олимпиадалық Хартия мен Бүкіләлемдік допингке қарсы Кодексін танып, әлемдік допингке қарсы қозғалыстың мүшесі болып табылады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама