Хорватияда Денис Тенді марапаттау рәсімінде Қазақстанның ежелгі әнұраны қойылды

Хорватияда Денис Тенді марапаттау рәсімінде Қазақстанның ежелгі әнұраны қойылды © Instagram.com/denisten_official

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді марапаттау рәсімінде Қазақстанның ежелгі әнұраны қойылып кетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Golden Spin of Zagreb турнирінің жеңімпазы ұйымдастырушылардың қателігін байқағаннан кейін қолын кеуде тұсынан алды. Айта кетейік, Тен осымен екінші рет Golden Spin of Zagreb турнирінің жеңімпазы атанып отыр.

Жарнама
Жарнама

Тен қысқа бағдарламада 94,03 ұпаймен көш бастаған еді. Мәнерлеп сырғанаудың еркін бағдарламасында да ол 182,36 ұпаймен үздік атанды. Денис екі жаттығу қорытындысы бойынша 276,39 ұпай жинады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама