Ыстамбұлдағы "Бешікташ" клубы стадионына "ҚазМұнайГаз" атауы берілетіні рас па?

Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon 1295
comments icon 0
Фото: aa.com.tr сайтынан Фото: aa.com.tr сайтынан

"ҚазМұнайГаз" "Ыстамбұлдағы стадионның атауын өзгерту" туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Онда стадионға "ҚазМұнайГаз" атауы берілетіні туралы айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚазМұнайГаз" "Ыстамбұлдағы стадионның атауын өзгерту" туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Онда стадионға "ҚазМұнайГаз" атауы берілетіні туралы айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін кейбір Telegram-арналар "ҚазМұнайГаз" Ыстамбұлдағы клуб стадионы атауын бес жылға жалға алу бойынша келіссөз жүргізіп жатқаны туралы ақпарат жариялаған болатын және осы кезеңде қазақстандық компания 50 миллион еуродан аса қаржы төлеуі тиіс деген болжам айтылған.

"ҚазМұнайГаз" өкілдері ақпаратты жоққа шығарды.

Реклама
Реклама

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ) әлеуметтік желілерде тараған "Ыстамбұл қаласындағы "Бешікташ" футбол клубы стадионына "ҚазМұнайГаз" атауын беру" туралы ақпараттың шындыққа сай келмейтінін хабарлайды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ұлттық компания ҚР заңнамасында көрінеу жалған ақпарат тарату және жариялауға жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

"Қазақстан азаматтары мен бұқаралық ақпарат құралдарын тек ресми деректерге сенуге, арандатушылыққа жол бермеуге және жалған ақпарат таратпауға шақырамыз", - делінген ресми хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Дина Шарипханова
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная