14 желтоқсан 2019 | 15:23

Юлия Галышева әлем кубогында күміс медаль жеңіп алды

© Olympic.kz

Қытайдың Тайву қаласында фристайл-могулдан әлем кубогының екінші кезеңі басталды. Аталған сында қазақстандық Юлия Галышева күміс медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Olympic.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қытайдың Тайву қаласында фристайл-могулдан әлем кубогының екінші кезеңі басталды. Аталған сында қазақстандық Юлия Галышева күміс медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Olympic.kz.

Галышева 79,8 ұпай жинап, әлем кубогының күмісін еншіледі. Ол Олимпиада чемпионы Перрин Лаффоннан (81,4) оза алмады. Үздік үштікке канадалық Жюстин Дюфур-Лапуант енген.

Реклама
Реклама

Ерлер арасында қазақстандық Дмитрий Рейхерд 6-орыннан көрінді. Бәсекеде жапониялық Икума Хоришима (86,9) жеңіске жетсе, канадалық Микаэл Кингсбери (86,3) күміске қол жеткізді. Қола медальді франциялық Бенжамен Каве (83,3) иеленді. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная