Жанкүйер Олимпиада чемпионын суретіне қарап өлімнен арашалап алды

2012 және 2016 жылғы суреттерден меңнің айтарлықтай үлкейгенін көруге болады. © Instagram

Белгісіз жанк?йер Рио-де-Жанейро Олимпиадасыны? же?імпазы, 20 жаста?ы аустралиялы? ж?зуші Мак Хортонды ?лімнен арашалап алды. Суреттерді? бірінен тияна?ты к?рермен спортшыны? кеудесінен к?м?нді ме?ге назар аудар?ан. Ол Аустралия ??рамасыны? бапкеріне Хортонны? ме?і меланома (ерте кезе?інде табылма?ан жара ?лімге ?кеп со?уы м?мкін - Авт.) болуы м?мкін екенін хабарла?ан. С?йтсек, б?л ме? шын м?нінде ?атерлі ісік болып шы??ан.

Белгісіз жанкүйер Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жеңімпазы, 20 жастағы аустралиялық жүзуші Мак Хортонды өлімнен арашалап алды. Суреттердің бірінен тиянақты көрермен спортшының кеудесінен күмәнді меңге назар аударған. Ол Аустралия құрамасының бапкеріне Хортонның меңі меланома (ерте кезеңінде табылмаған жара өлімге әкеп соғуы мүмкін - Авт.) болуы мүмкін екенін хабарлаған. Сөйтсек, бұл мең шын мәнінде қатерлі ісік болып шыққан.

"Мен дәрігерге меңімді тексертуге кеңес берген адамға шексіз алғыс айтамын. Бұл өз уақытында берілген белгі болды", - деп жазды Олимпиада чемпионы Instagram желісінде 21 қазанда. Ал оған дейін Хортон Мельбурнде жараны жою бойынша операция жасатыпты. 


© instagram.com/mackhorton

Реклама
Реклама

Рио Олимпиадасында Хортон 400 метрге еркін әдіспен жүзуден алтын медаль алған болатын. Бұл оның тұңғыш медалі.


© Instagram/Getty Images/AFP

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама