ПОДЕЛИТЬСЯ
- Главная
- 30 қаңтар 2014, 13:22
Жастар құрамасы Достастық кубогында сүрінді
Футболдан Қазақстан жастар құрамасы (21 жасқа дейін) 2014 жылғы Достастық кубогының жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz. дереккөзіне сілтеме жасап.Ширек финалда Қазақстан жастары 1:3 есебімен Ресей командасынан ұтылып қалды. Бұл жөнінде мына жерден оқи аласыздар Жартылай финалда Ресей жастар құрамасы Эстониядан келген құрдастарымен додаға түседі. Эстондар ширек финалда Латвия жастарын 2:0 есебімен ұтқан болатын. Екінші жатылай финалда Украина және Беларусь жастары кездеседі.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан жастары Санкт-Петербургте өтіп жатқан дүбірлі доданы Беларусь құрамасымен бастап, 1:4 есебімен оңбай ұтылып қалған. Бірақ келесі матчта мәскеулік құрдастарын 2:0 есебімен тізерлетті. Саулюс Ширмялис баптайтын жастарымыз топтық кезеңдегі соңғы ойынын Латвия құрамасымен өткізіп, тең түскен болатын (0:0).
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии