Америкалық файтер Кевин Ли өз отандасы Грегор Гиллеспиді Нью-Йоркте өткен UFC 244 турнирінде нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".
Жекпе-жек екінші раундтың ортасында аяқталды. Ли оң қолымен (оверхенд) жоғарыдан соққы жасап, артынша сол аяғымен (хай-кик) бастан тепті.
27 жастағы Ли 18 рет жеңіске жетіп, 5 рет жеңілген. Ал 32 жастағы Гиллеспи бірінші рет жеңілді, ол осыған дейін 13 кездесуде жеңіске жеткен еді.