Лукладағы (Непал) әуежай тағы да әлемдегі ең қауіпті әуежайлардың бірі деп танылды. Бұған қысқа ұшу-қону жолағы, таулы аймақ және ауа райының құбылмалылығы себеп болған, деп хабарлайды Tengri Travel.
Несімен қауіпті?
Express Daily басылымының мәліметінше, Лукладағы Тенцинг пен Хиллари атындағы әуежай 2844 метр биіктікте орналасқан. Мұндағы ұшу-қону жолағының экстремалды параметрлері ұшу процесін қиындатады: оның ені небәрі 20 метр, ал ұзындығы 527 метр. Салыстырмалы түрде айтсақ, стандартты әуежайларда жолақ ұзындығы әдетте 3000 метрге жуық болады.
Сонымен қатар ұшу-қону жолағының 12 пайыздық тік еңісі бар, бұл ұшақтарға қону кезінде жолақ аяқталғанша жылдамдықты тезірек бәсеңдетуге көмектеседі.
Aviation Safety Network деректері бойынша, 2004 жылдан бері бұл әуежайда 56 адам қаза тауып, өліммен аяқталған жеті апат тіркелген.
@travel_s_mate Lukla Airport - Landing Plane in Lukla Nepal. Most dangerous in the world. #landing #lukla #luklaairport #Airplane #world #landing #most #mostviralvideo #dangerous #airport #intheworld ♬ original sound - Travel's Mate
Ұшуға не кедергі келтіреді?
БАҚ мәліметінше, ұшқыштар үшін мұнда қону мен ұшудың қиындығы бірнеше себепке байланысты:
- үлкен биіктіктегі сұйытылған ауа қозғалтқыштардың қуаты мен қанаттардың көтеру күшін төмендетеді;
- қысқа жолақ ұшақты тоқтатуға өте аз орын қалдырады;
- Гималайдағы ауа райы санаулы минутта өзгереді - тұман немесе боран қонуға кедергі келтіруі мүмкін;
- жаңбыр маусымында рейстердің бір бөлігі үнемі тоқтатылып тұрады.
Дегенмен, ашық күндері әуежай барынша жүктеліп, тәулігіне 50 рейске дейін қабылдап үлгереді.
@trek_xplore #Lukla Airport, officially known as Tenzing-Hillary Airport (LUA), is a small but famous airport in Lukla, Nepal. It is the gateway for trekkers heading to Everest Base Camp and is known for its short, sloped runway and challenging weather conditions. Key Information: • Location: Lukla, Solukhumbu District, Nepal • Elevation: 2,845 meters (9,334 feet) above sea level • Runway: 527 meters (1,729 feet) long, with a 12% incline • Airport Type: Public • Operated by: Civil Aviation Authority of Nepal • Main Airlines: Tara Air, Summit Air, Sita Air • Destinations: Primarily Kathmandu (Tribhuvan International Airport - KTM) and Ramechhap (Manthali Airport - RHP) Challenges: • Extreme Weather: Frequent fog, high winds, and sudden weather changes. • Short Runway: One of the shortest commercial runways in the world, requiring skilled pilots. • High Elevation: Aircraft performance is affected, and flights are often delayed or canceled. • No Night Flights: Operates only in daylight hours due to lack of advanced navigation aids. Alternatives: • Fly to Ramechhap (Manthali Airport) and take a shorter flight to Lukla. • Trek from Jiri or Salleri if flights are unavailable. Would you like more details on flights, safety, or trekking options? #luklaairport #lukla #solukumbu #khumbu #fyp #foryou #foryoupage #tiktok #viral #travel #aeroplane #plane #explore #nepal #creatorsearchinsights2025 #creatorsearchinsights ♬ original sound - 💙Boula💙😻😽
Мұнда қандай ұшқыштарға жұмыс істеуге рұқсат беріледі?
Луклаға ұшуға тек тәжірибелі ұшқыштарға рұқсат беріледі. Непалдың авиациялық билігі қатаң талаптар қояды:
- мансап жолында кемінде 100 қысқа ұшу мен қону (STOL) тәжірибесі болуы керек;
- Непалдың өзінде ұшу тәжірибесі кемінде бір жыл болуы тиіс;
- нұсқаушының бақылауымен Луклаға кемінде 10 рет қонуы қажет.
Егер рейстер тоқтатылса, туристер үшін бірнеше нұсқа қалады: не көрші Рамечхаптағы Мантали әуежайына ұшу, не Джири немесе Саллери ауылдарынан Луклаға дейін жаяу бару.
Тағы оқыңыз: “Чексіз шығармайды“. Моңғолияға барар алдында қазақстандықтар не білуі керек?