Бразилияда ұшақ тұрғын үйге соғылды. Желіде жантүршігерлік кадрлар пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бразилияда ұшақ тұрғын үйге соғылды. Желіде жантүршігерлік кадрлар пайда болды Бейнеден алынған кадр

Бразилияның Белу-Оризонти қаласында жеңіл моторлы ұшақ ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшырап, тұрғын үйге соғылды. Салдарынан үш адам қаза тауып, тағы екі адам ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Tengri Travel.


Бразилияның Белу-Оризонти қаласында жеңіл моторлы ұшақ ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшырап, тұрғын үйге соғылды. Салдарынан үш адам қаза тауып, тағы екі адам ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Tengri Travel.

Не болды?

Daily Sun мәліметінше, шағын ұшақ Белу-Оризонтиден Сан-Паулуға бағыт алған, алайда әуеге көтерілгеннен кейін бірнеше минуттан соң биіктігін жоғалта бастаған. Алдын ала мәлімет бойынша, борт әуежайдан шамамен сегіз шақырым жерге құлаған.

Ұшақ үш қабатты тұрғын үйге соғылған.

Желіде жарияланған кадрлардан ұшақтың ғимаратқа соғылған сәтін көруге болады.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, үй тұрғындарының ешқайсы зардап шекпеген. Сондай-ақ ғимараттың құрылымына айтарлықтай зақым келмегені айтылады.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы не белгілі?

Штаттың өрт сөндіру қызметі мәліметінше, ұшқыш пен екінші ұшқыш оқиға орнында көз жұмған.

Тағы үш адам ауруханаға жеткізілді. Кейіннен дәрігерлер зардап шеккендердің бірі алған жарақаттарынан қайтыс болғанын хабарлады.

Қазір ауруханада екі адам жатыр, олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.

Апаттың себептері

Қазіргі уақытта авиациялық билік орындары апаттың себептерін зерттеп жатыр. Авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы мәліметінше, Бразилияда 2025 жылы 153 авиациялық оқиға болып, соның салдарынан 62 адам қаза тапқан.

TengriTravel
;