Жолаушылар ұшу кезіндегі танымал артықшылықтан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Мас жолаушылар қатысқан бірқатар оқиғадан кейін еуропалық әуекомпаниялар ережелерді қатаңдата бастады. Солардың бірі борттағы тегін ішімдіктің бір бөлігінен бас тартты, деп хабарлайды Tengri Travel.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Тегін ішімдік азаяды

Daily Express мәліметінше, 1 қарашадан бастап британдық TUI Airways әуе компаниясы эконом-класс жолаушыларына қызмет көрсету ережелерін өзгертеді.

Жарнама
Жарнама

Бұрын ұшу құнына үш тегін алкогольді сусын кіретін. Енді бір бокал сыра немесе шарапты ғана тегін алуға болады және ол тек негізгі тағаммен бірге беріледі. Одан кейінгі барлық алкогольдік сусынға жолаушылар бөлек төлеуге мәжбүр болады.

Компания бұл өзгерістер басқа тарифтерге әсер етпейтінін нақтылады. Билеттерді сатып алып қойған және жаңа ережелерге тап болған жолаушыларға әрбір бір бағыттағы рейс бойынша 12,50 фунт стерлинг (шамамен 8 мың теңге) қайтарылады.

Жолаушылар реакциясы

Бұл жаңалық әлеуметтік желілерде қызу талқыланды.

Пайдаланушылардың бір бөлігі тасымалдаушының шешімін қолдады.

"Өте жақсы, мен қуаныштымын. Былтыр Мексикаға 10 сағат ұштым, сонда 20 шақты ересек адамнан тұратын үйлену тойы тобы ұшаққа отырмай түрып-ақ әбден мас болған еді. TUI компаниясы оларға тағы 7 сағат бойы қызмет көрсетуін тоқтатпады. Менің ашуым келді. Бұл Ибицаға ұшқанмен бірдей болды", "Алкогольге қатыстының бәріне әуежайлар мен ұшақтарда тыйым салынуы керек, бұл тым көп мәселе тудырады", - деп атап өтті желі қолданушылары.

Басқалары болса, жекелеген адамдардың тәртібі үшін шектеулер көпшілік жолаушыларға соққы болады деп санайды.

"Мен үшін TUI енді жоқ", "Барлығына бірдей жаппай тыйым салудың қажеті жоқ. Адамдарға тек өзін-өзі ұстауы керек. Көпшілігі жай ғана бір-екі бокал ішкенді ұнатады, мен бұдан ешқандай мәселе көріп тұрған жоқпын", "Өкінішке қарай, кейбір адамдар қалғандарының бәріне кесірін тигізеді", - деп пікірлерін бөлісті.

Әуекомпаниялар мәселе әуежайдан басталады деп есептейді

TUI ережені қатаңдатып жатқан жалғыз әуекомпания емес.

Ryanair басшысы Майкл О'Лири бұған дейін мас жолаушылармен ұшаққа отырғызуға дейін күресу қажеттігін айтқан болатын. Оның пікірінше, негізгі мәселе ұшақ бортында емес, рейсті күту кезінде адамдар алкогольді еш шектеусіз сатып ала алатын әуежай терминалдарында туындайды.

"Мәселе бір сағаттық рейстерде алкоголь ішуде емес; алкогольді шамадан тыс тұтыну алкогольге шектеу қойылмаған әуежай терминалдарында, әсіресе рейстер кешіккен кезде болады", - деді Ryanair басшысы.

Мұндай жағдайлар Қазақстанда да болып тұрады

Мас жолаушылар Қазақстанда да басқа саяхатшыларға қолайсыздық тудырады.

Мәселен, бүгін әлеуметтік желілерде Астана әуежайынан видео тарады, онда мас күйдегі әйел еденде жатып, қатты айқайлаған. Полиция департаменті ол бірнеше бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, материалдар сотқа жолданғанын хабарлады.

Тағы бір жағдай шілдеде болды. Шетелдік екі жолаушы қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұл салынғаннан кейін, Астана әуежайынан Ұлан-Баторға ұша алмай қалды.

Наурызда Астанадан ұшпақ болған жолаушы полиция қызметкерлерімен жанжалдасқаннан кейін рейстен түсірілді. Прокуратура мәліметінше, әйел ұшақ бортында мас күйде болып, құқық қорғаушылардың заңды талаптарын орындамаған және билік өкілін қорлаған. Сот оны Қылмыстық кодекстің 378-бабының 1-бөлігі ("Билік өкілін қорлау") бойынша кінәлі деп танып, 20 АЕК (86 500 теңге) көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындады.

Тағы оқыңыз: Әуекомпания мас бортсеріктердің кесірінен рейсті тоқтатты


Жарнама
Жарнама