“Отқа оранған пойыз“: желіде Канадада түсірілген жантүршігерлік видео талқыланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейнежазбадан кадр

Әлеуметтік желілерде Канаданың Онтарио провинциясының солтүстігіндегі орман өртінің ортасында қалған жүк пойызы кабинасынан түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Tengri Travel тілшісі The Mirror-ге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қорқынышты болып барады"

Кадрлардан теміржолдың екі жағында орман өртеніп жатқанын, қою қара түтін аспанды жауып, локомотив терезелері лаулаған жалыннан ашық сарғылт түске боялғанын көруге болады.

Жарнама
Жарнама

"Өтінемін, тезірек қимылдаңыздар. Шынымен, бізді от қоршап алды", - дейді видеодағы машинист.

Пойызға не болды?

Мәліметтерге сәйкес, кейін ажыратылған локомотив өз пойызымен соқтығысқан: қою түтін салдарынан көріну мүмкіндігі мүлдем болмаған. Осыдан кейін экипаж құрамды тастап, эвакуацияны жаяу жалғастырған.

Ресми дерек бойынша, бригаданың барлық мүшесі аман қалып, қауіпті аймақтан шыға алды.

Онтариода орман өрті жалғасып жатыр

Жергілікті БАҚ -мәліметінше, орман өртінің таралуына байланысты Allanwater Subdivision ауданында (Коллинс кенті маңы) үш жүк құрамы қалып қойған. Пойыздардың тез тұтанатын материалдар тасымалдауы жағдайды одан сайын қиындатты.

Бұл ретте Онтарио провинциясының полициясы тұрғындарға тікелей қауіп төніп тұрмағанын атап өтті.

"Қоғамдық қауіпсіздікке тікелей қатер төніп тұрмағанымен, шұғыл қызмет мамандары, төтенше жағдайларды басқару жөніндегі серіктестер, теміржол өкілдері және басқа да ведомстволар жағдайды бірлесе бағалап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр", - делінген полиция мәлімдемесінде.

Қауіпті жағдайға байланысты пойыздарға Каньон ауданынан Виннипег бағытына қарай 240 шақырымнан астам қашықтыққа шегінуге бұйрық берілді. Құрамдар сағатына шамамен 40 шақырым жылдамдықпен қозғалып, жол бойында тоқтап отырды.

Орман өрті Онтарионың солтүстік-батыс бөлігі үшін әлі де күрделі мәселе болып отыр. Билік өкілдері мәліметінше, өңірде 128 өрт ошағы бар, ал бірқатар елдімекенде эвакуациялау туралы өкімдер күшінде қалған.

Билік өкілдері шұғыл қызметтер, теміржол операторлары мен тиісті ведомстволар жалын жолды толық жауып тастағанға дейін теміржолшыларды қауіпті аймақтан шығару үшін іс-қимылдарды үйлестіргенін айтты.

Биыл жазда Онтарионың батыс бөлігінде 3 мыңнан астам орман өрті болып, шамамен 4,5 миллион акр аумақты шарпыды.

Түтін АҚШ-қа дейін жетті

Өрттен шыққан түтін Канада шекарасынан асып, АҚШ-тың кейбір аймақтарында ауа сапасын нашарлатып жатыр. АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметі алдағы күндері түтін Нью-Йорк, Вашингтон және елдің шығыс бөлігіндегі басқа да қалаларға жетуі мүмкін екенін ескертті.

"Бүгін таңертең түтін иісін сезіп тұрсыз ба? Ол Онтариодағы орман өртінен келді. Бүгін ол ауа сапасына айтарлықтай әсер етпеуі мүмкін, алайда сәрсенбі және бейсенбі күндері жер бетіндегі түтін концентрациясы артып, көріну деңгейі мен ауа сапасының нашарлауына әкелуі ықтимал", - деп хабарлады АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметі.

Мамандар орман өрті түтінінде өкпеге терең еніп, қан айналымы жүйесіне түсе алатын PM2.5 ұсақ дисперсті бөлшектері бар екенін ескертеді. Түтін қатты болған кезде жүрек және өкпе аурулары бар адамдар, балалар мен қарттар осал топқа жатады.

Ауа сапасы нашарлаған аудан тұрғындарына мүмкіндігінше далада аз болу және терезелерді жабық ұстау ұсынылады.

Тағы оқыңыз: Таиландтағы өрттен 27 адам қаза тапты: СІМ Қазақстан азаматтарына қатысты жағдайды хабарлады


Жарнама
Жарнама