“Ұшақтың қанаты өртенді“: желіде видео тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Хьюстонда, Техас штатында United Airlines әуекомпаниясының ұшағының қанаты өртенді. Оқиғаның видеосы желіде таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Хьюстонда, Техас штатында United Airlines әуекомпаниясының ұшағының қанаты өртенді. Оқиғаның видеосы желіде таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Daily Mail басылымы TikTok-та оқиғаның видеосын жариялады. Кадрларда жолаушылардың үрейленгені байқалады, ал бортсеріктің "эвакуация кезінде өздеріңізбен зат алуға болмайды" деген хабарламасы естіледі.

"Федералдық билік пен әуекомпанияның мәліметінше, жексенбіде Хьюстон әуежайында қозғалтқыштағы ақауға байланысты 100-ден астам адам эвакуацияланды", – делінген басылым жариялаған жазбада.

Әлеуметтік желі қолданушылары соңғы уақытта әуе оқиғалары туралы хабарламалардың жиілегенін атап өтті.

Daily Mail мәліметінше, өткен жексенбіде Хьюстонның басты әуежайында United Airlines ұшағының оң жақ қанаты өртеніп, жолаушылар жедел эвакуацияланған.

"United Airlines-тың 1382 рейсі Нью-Йоркке ұшуға дайындалып жатқанда, Джордж Буш атындағы халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағында сағат 8:30 шамасында тоқтатылды. Қозғалтқыштағы ақау түтін мен қанаттағы өртке себеп болды", – деп хабарлайды басылым.

БАҚ мәліметіне сәйкес, жолаушылардың ешқайсы зардап шеккен жоқ.

Сондай-ақ, NBC News-тың TikTok аккаунтында жолаушылардың эвакуация сәті түсірілген видео жарияланды, оны 3,8 миллион адам қараған.

Сонымен қатар, АҚШ-тың Азаматтық авиация федералдық басқармасы (FAA) оқиға бойынша тергеу жүргізетінін мәлімдеді. Кейінірек жолаушылардың Нью-Йоркке басқа ұшақпен жеткені белгілі болды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная