1-сыныпқа құжат қабылдау сәуірде басталады: ата-аналар не білуі керек?

Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 31 тамызға дейін жалғасады.

Неше жастан бастап қабылданады?

Ата-анасының өтініші бойынша балалар 1-сыныпқа 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрон үкіметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, сондай-ақ, қағаз нұсқада 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында тапсыруға болады.

Қандай құжаттар керек?

Қазақстан азаматтары үшін жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажет құжаттар тізімі:

  • ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;
  • №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
  • өлшемі 3х4 см сурет (2 дана).

Шетел азаматтары үшін:

  • Ата-анасы немесе басқа заңды өкілдері Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруы керек.
  • Шетелдіктер Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығы туралы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттарды ұсынуы керек.

Қай күндері құжат тапсыруға болады?

Өтініш демалыс және мереке күндерді есептемегенде, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная