1. Басты
  2. Оқы
Реклама
Реклама

Қазақстандағы басты стадион жөндеуге жабылды: жылжымалы шатыры қала ма?

Қызық әрі пайдалы мақала ✅ Қазақстандағы басты стадион жөндеуге жабылды: жылжымалы шатыры қала ма? ⚡ Tengrinews.kz интернет-порталында өзекті тақырыптағы жарияланымдарды онлайн оқыңыз.

oto ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Елордадағы "Астана Арена" кешенін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Жұмысты 2024 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Стадионның басты ерекшеліктерінің бірі – жылжымалы төбесі сақталып қала ма, жоқ па, Tengri Sport анықтап көрді.

Астана Дене шынықтыру және спорт басқармасы мәліметінше, қаңтарда сараптама қорытындысын алғаннан кейін қалпына келтіру жұмыстары басталған.

"Демонтаж жұмыстары басталды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау 2024 жылғы шілденің аяғына жоспарланған. 2024 жылдың қыркүйек-желтоқсан аралығында көшпенділер ойындары өткізілгеннен кейін жасанды жабынды жылыту және суару жүйесімен ауыстыру жүргізіледі", - деп хабарлады басқарма.

Ведомстводағылар кешеннің айналасын абаттандыру мәселесі де қарастырылып жатқанын жеткізді. Жылжымалы шатырға келетін болсақ, ол жаңғырту жұмыстарынан кейін жұмыс істейді.

Реклама
Реклама