Алматыда самокат жүргізушілері арасында заң бұзу жағдайлары күрт өсті

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

2025 жылдың алғашқы үш айында Алматыда самокаттар қатысты болған 13 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Барлық жағдайда жарақат алғандар бар, 13 адам зардап шеккен, - деп хабарлайды Tengri Auto.

2025 жылдың алғашқы үш айында Алматыда самокаттар қатысты болған 13 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Барлық жағдайда жарақат алғандар бар, 13 адам зардап шеккен, - деп хабарлайды Tengri Auto.

2024 жылы қалада самокаттардың қатысы бар 156 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 162 адам жарақат алған.

"Жол апаттарының алдын алу мақсатында полиция тарапынан бірқатар ауқымды шаралар өткізілді. Атап айтқанда, осы кезеңде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 1 401 самокат жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп", – деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Алайда полиция қызметкерлерінің айтуынша, "әр самокат жүргізушісінің жанына инспектор қою мүмкін емес". Сондықтан қазіргі уақытта басты назар алдын алуға, ескерту мен түсіндіру жұмыстарына аударылып отыр. Полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды тәртіпке және жеке жауапкершілікке шақырады.

"Самокат жүргізушілері – жол қозғалысының толыққанды қатысушылары екенін түсінуі тиіс және белгіленген ережелерді сақтауға міндетті.

Ересектердің жалға алынған самокаттарды кәмелетке толмаған балаларға беруі – ерекше алаңдаушылық туғызып отыр. Бұл – жол беруге болмайтын жағдай! Балаларда көлік құралын басқару тәжірибесі мен дағдысы жеткіліксіз, олар қауіп-қатер деңгейін толық түсіне бермейді. Мұндай жағдайлар қайғылы аяқталған оқиғаларға да алып келген", – деп толықтырды Алматы ПД.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная