23 желтоқсан 2014 15:13

Қой жылы туған «жұлдыздар» жуас емес...

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жақындап қалған жаңа жыл – қой жылы. Қазақ халқы үшін қой жылы өте жайлы болып есептеледі. 1991 – қой жылы Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізген. Халқымыздың түсінігінде құтты жыл саналатын қой жылы көптеген белгілі адамдар, өнер жұлдыздары дүниеге келген екен. «Алаш айнасы» қой жылы туған атақты адамдардың тізімін жасап көрді.


Жақындап қалған жаңа жыл – қой жылы. Қазақ халқы үшін қой жылы өте жайлы болып есептеледі. 1991 – қой жылы Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізген. Халқымыздың түсінігінде құтты жыл саналатын қой жылы көптеген белгілі адамдар, өнер жұлдыздары дүниеге келген екен. «Алаш айнасы» қой жылы туған атақты адамдардың тізімін жасап көрді.

Рамазан Стамғазиев – әнші, ол 1967 Алматы облысы Райымбек ауданы Көкпияз ауылында дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1998). Стамғазиев өнерге бала кезінен құштар болған. 1989 ж. Алматы эстрада-цирк училищесін (Қ.Байбосынов класы бойынша) бітірген. 1989 жылдан "Қазақконцерт" бірлестігі құрамында өнер көрсетіп жүр. 1994 - 98 ж. эстрада-цирк училищесінде, 1999 жылдан Алматы казіргі Қазақ ұлттық консерваториясында педагогикалық жұмыспен шұғылданады. Ә.Қашаубаев атындағы әншілер байқауының жеңімпазы. Рамазанның орындауындағы «Сары бидай», «Дариға дәурен», «Ойламаңдар, жігіттер» секілді әндері халықтың ерекше сүйіп тыңдайтын туындыларына айналған. Рамазан Стамғазиевтың жұбайы Ұлту Қабаева да белгілі әнші.

Медеу Арынбаев, белгілі әнші, ол 1967 жылдың 5 наурызында Сарыағаш ауданы, Дарбаза бекетінде дүниеге келген. Орта мектепті бітіріп, әскери борышын өтеп келген соң, еңбек жолын Сарыағаш аудандық автоклуб меңгерушісі болып бастаған. 1988 ж. Ташкенттегі эстрада-цирк студиясына оқуға түседі. Оқып жүріп Қырғызстанда өткен «Ыстық көл-89» Орта Азия халықаралықбайқауына қатысып, дипломант атанды. 1990-95 жылдары Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық университінің музыкалық-педагогикалық факультетінде оқыды. 1992 ж. республикалық «Жас қанат» байқауының жеңімпазы болды. Келесі жылы Молдовада өткен «Мелодия прута» халықаралық әншілер сайысында бас жүлдені жеңіп алды. 1994 ж. Халықаралық «Азия дауысында» дипломант, ал одан кейін Түркияда өткен Помукалья қаласындағы байқауда лауреат атанды. 1997 жылдан «АБК»әншілер тобының жетекшісі. Оның репертуарында Н.Тілендиевтің «Құстар әні», Ш.Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында», «Ақ бантик», Үкілі Ыбырайдың «Гәкку», халық әні «Назқоңыр» және өз туындылары бар. 2002 ж. Республика сарайында алғашқы есеп беру концертін сәтті өткізіп, жыл қорытындысында «Алтын Адам» жүлдесін алды. Медеу әнші ғана емес, қамқор әке, осыдан бірнеше жыл бұрын жан жарынан айырылған әнші екі баласын өзі тәрбиелеуде.

Берік Айтжанов – театр және кино актеры. Ол 1979 жылы 11 наурызда Қызылорда облысында дүниеге келген. Берік Т.Жүргенов атындағы өнер академиясын бітірген соң М.Әуезов атынтағы жұмысқа тұрды. 2009 жылға дейін Берік «Час волка», «Мұстафа Шоқай»және «Махамбет»картиналары арқылы дебют жасады. Алайда оны көрермен теар актеры ретінде жақсы білетін. Біраз уақыттан кейін Берік экрандарға Ақан Сатаевтың «Ағайынды»сериалы арқылы шығып, кинода да өзінің мықты актер екенін дәлелдеді. Аз сериялы хикаяда Айтжанов негізгі рөлдердің біріндегі кейіпкер. 2011 жыл Айтжановтың карьерасына үлкен сәттілік әкелуде. Ол Егор Кончаловскийдің «А»-ға оралу» және Сатаевтың «Ликвидатор» киносында ойнады. Сондай-ақ ол А.Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» фильмінде Әбілқайырдың рөлін ойнаса, былтырғы жылы «Тракторшының махаббаты» сериялында Жасұлан атты кейіпкердің кейпіне енді.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети