Алматыда қанша мопед тіркеліп үлгерді?

Фото:depositphotos.com

Алматыда 500-ден астам мопед тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда 500-ден астам мопед тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматының әкімшілік полициясының мәліметінше, мопедті тіркеу науқаны басталғалы бері 500-ден астам мопед қолданушы бұл процедурадан өткен: олар көлік құралының мемлекеттік нөмірін, техникалық төлқұжатын алды және жол қозғалысының басқа қатысушылары сияқты заңды жауапкершілікке тартылады. 

"Сонымен қатар, мопед жүргізушілерінің А1 жүргізуші санаты болуы керек екенін еске саламыз. Биылғы 5 сәуірінен бастап мопедтерді механикалық көліктерге теңестіретін заңнамалық түзетулер күшіне енеді. Осы күннен бастап мопедтерді полицияда тіркелгеннен кейін және тиісті жүргізуші куәлігі болғаннан кейін ғана пайдалануға рұқсат етіледі", - деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы Процессинг орталығының басшысы Айдын Меркімбаев.

Бұған дейін, былтыр "Жол қозғалысы туралы" заңға өзгертулер енгізілген болатын. Негізгі мақсат – мопедтерді пайдалануды реттеу. Енді мопед жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушылары және оларға барлық заң талаптары қолданылады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама