Алматы облысында, солтүстік, шығыс өңірлерде қашан газ қосылады?

Фото: depositphotos.com

Энергетика министрлігі "Алматы облысында және солтүстік, шығыс өңірлерде газ мәселесі қашан шешімін табады?" деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Энергетика министрлігі "Алматы облысында және солтүстік, шығыс өңірлерде газ мәселесі қашан шешімін табады?" деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Солтүстік пен шығысқа қашан газ қосылады?

Энергетика министрлігі мәліметінше, жауапты орган газ тартудың 2 нұсқасын қарастырып отыр.

Біріншіден, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына газ тарту үшін "Сарыарқа" МГҚ 2.3-кезеңдерін жүзеге асыру.

"Бұл жобаны жүзеге асыру үішн "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газ құбырының 2-желісін салу қажет. Қазіргі таңда тиісті техника-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр", - деп жазылған жауапта.

Екіншіден, Ресей Федерациясынан газ тарту. Қазіргі таңда Үкімет және "Газпром" ЖАҚ солтүстік-шығыс өңірлерін газдандыру бойынша келіссөздер жүргізіп жатқаны белгілі болды.

"Ресей компаниясымен газдың бағасын және газ құбырдың маршрутын анықтағаннан кейін түпкілікті шешім қабылданады", - деп жазылған жауапта.

Алматы облысы қашан газбен толық қамтылады?

1 қаңтардағы жағдай бойынша Алматы облысының 72,3 пайызы газбен қамтылған. Бұл дегеніміз 1 107 014 (1 531 044-тен) тұрғын табиғи газбен қамтамасыз етілгенін білдіреді.

Министрлік мәліметінше, әкімдіктердің бюджеттік өтінімдерін ҚР заңнамасына сәйкес қарап, Қаржы министрлігіне жібереді. Яғни, газдандыру жобалары бойынша тапсырыс беруші - жергілікті әкімдіктер. Осылайша, ведомство әкімдіктен сұрау қажет екенін айтып, бұл өңірге қатысты толық мәліметті ұсынбады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная