Астананың қай аудандарында жаңа мектеп салынады?
Оқу жылы басталғалы әлеуметтік желілерде мектептердегі видеолар тарап жатыр. Онда оқушылардың кіреберіске сыймай құлап жатқаны көрінеді. Жаңалықтарда Талғар, Көкшетау, Қарағанды және Астанадағы жағдайлар туралы айтылды. Бұл оқиғаларға себеп - білім беру орындардың тапшылығы.
Білім беру ұйымдарындағы мұндай мәселені шешудің бір жолы ретінде "Жайлы мектеп" пилоттық ұлттық жобасы ұсынылды, оның аясында Астанада 24 жаңа мектеп салуға уәде беріліп отыр. Tengrinews.kz фотографы жаңа оқу орындарына бөлінген аумақтарға барып, суретке түсіріп қайтты.
2023-2025 жылдары жобада ел бойынша 369 мектеп салу көзделген. Астанада 24 мектеп салу жоспарланса, оның 22-сі 2024 жылдың аяғында пайдалануға беріледі деп уәде етілген. 2000 орындық бір мектептің құрылысы келесі жылы басталып, 2025 жылы аяқталады деп жоспарланған.
Жергілікті атқарушы органдар құрылыс салушыдан 1200 орындық тағы бір мектеп сатып алмақ. Бұл ғимаратты пайдалануға беру 2025 жылдың аяғына жоспарланған.
Астанадағы мектептердің ең көп саны Нұра ауданында салынады, онда 9 білім ошағын салу жоспарланып отыр.
Нұра ауданындағы жаңа мектептердің мекенжайы:
Айтматов көшесі аумағында және № 24/22 учаскеде (салынып жатқан Ellington mall-ға қарай);
Е-17, Е-26 көшелерінің учаскесінде ("Жағалау" тұрғын үй кешені);
Төле би және Е-758 көшелері аумағында ("Зеленый квартал" тұрғын үй кешеніне қарай);
Е-796 және Е-899 көшелері шаршысында ("Хан Шатыр" сауда үйінің артында);
және Е-127, Е-368, Е-418, Е-535 көшелері шаршысында (Қорғалжын тасжолына қарай), сондай-ақ Төле би және 24 көшелер аумағында.
Сонымен қатар, мектептер Sat city тұрғын үй кешені ауданында, Е-30, Е-751, Е-796 көшелері учаскесінде салынады.
сондай-ақ Төле би және №24 көшелері аумағында және Үркер тұрғын үй алабында (Наурызбай батыр мен Исатай батыр көшелері қиылысы).
Есіл ауданында 5 жаңа мектеп пайда болады, оның төртеуі 2024 жылы салынады.
Мәңгілік Ел даңғылындағы жаңа мешіт аумағында 2000 орындық мектеп пайда болады.
Дәл осындай сыйымдылықтағы мектептер "Бағыстан" тұрғын үй кешені ауданында, Е-669 көшесі (Jetisu Lepsi тұрғын үй кешенінің артында) және Орынбор мен №37 көшелері қиылысында салынады.
"Арнау" тұрғын үй кешені орналасқан Қайсенова көшесінде 600 орындық тағы бір білім ошағы пайда болады.
Samruk-Kazyna Construction АҚ сайтындағы мәліметтерге сәйкес, Есіл ауданында Қабанбай батыр даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында орналасатын бесінші жаңа мектепті құрылыс салушыдан жергілікті атқарушы орган сатып алады. Бұл оқу орнында 1200 орын болады.
Алматы ауданында 6 жаңа білім ошағы салынады. Байтұрсынов көшесінде (Highvill тұрғын үй кешені) 600 орындық мектеп салу уәде етіліп отыр.
Төлебаев және Бурабай көшелерінің ауданында 2000 орындық мектептер салынады деп уәде етілген.
Қалдаяқов пен А-30 көшелерінің қиылысында,
және Нәжімеденов пен А-56 көшелері ауданында Нұрлы жол станциясына қарай.
Құдайбердіұлы даңғылы мен Жансүгіров көшесінде, сондай-ақ А-102 және А-104 көшелерінің ауданында дәл осындай мектептер салынады.
"Сарыарқа" ауданында жоба аясында Бейбарыс Сұлтан және Земляничная көшелері ауданында, сондай-ақ Көктал тұрғын үй алабында (Ұлытау және Наурыз көшелері) екі жаңа білім ошағы салынады.
Байқоңыр ауданында, Иманов пен Егемен Қазақстан көшелері қиылысында бір мектеп салу жоспарланып отыр.
Жалпы, Астанада елорда әкімдігінің мәліметінше, 2027 жылға дейін 65 жаңа мектеп ашу жоспарланып отыр.
Суреттерді түсірген: Тұрар Қазанғапов
Мәтінін жазған: Айгерім Абилмажитова