ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 25 тамыз 2025 11:20
Балалардың мінез-құлқындағы көңіл бөлу қажет өзгерістер: ата-аналарға үндеу
Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарды балалар ойындарына ерекше назар аударуға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, кейінгі кезде халықаралық және отандық БАҚ-та бөтен адамдар ойыншы ретінде балалармен танысып, сеніміне кіріп, оларды жабық чаттарға шақырып, заңға қайшы әрекеттерге итермелейтіні жөнінде алаңдатарлық ақпарат жарияланып жатыр.
Балаларға интернетте не істеуге болмайды?
- жеке мәліметтерді (аты-жөні, мекенжай, телефон, отбасы жайлы мәлімет) бөлісуге;
- Instagram, Telegram, TikTok, ВКонтакте секілді желілердегі қауіпті топтар мен аноним чаттарға кіруге;
- ата-анасы тексермеген күмәнді онлайн ойындарды ойнауға.
Ата-аналар баланың іс-әрекетін қалай бақылай алады?
- бақылау қосымшаларын пайдаланыңыз (Family Link Android үшін, Screen Time iOS үшін);
- баланың әлеуметтік желілердегі достарының тізімін бақылаңыз;
- аты-жөні жоқ, түсініксіз белгілермен, иероглифтермен немесе күмәнді суреттермен жасалған парақшаларға назар аударыңыз.
Көңіл бөлу қажет белгілер:
- бала дұрыс ұйықтамайды, түнде жиі оянады;
- денесінде түсініксіз жарақаттар пайда болады;
- тұйықталып, ашушаң болып, сөйлесуден қашады;
- агрессивті видеоларды жиі көреді;
- қорқынышты суреттер салып, оның мәнін түсіндірмейді.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу