Баспанаңыздан қандай жағдайда айырылып қалуыңыз мүмкін?
Жылжымайтын мүлік сатып аларда нені білу керек, неден қауіптену қажет және неге басты назар аудару керек? Бұл туралы "Артюшенко и партнёры" заң фирмасының басшысы Андрей Артюшенко өз кеңестерін берген "Крыша" порталының мақаласынан біле аласыздар.
Кредит бойынша қарыздар
Қазіргі уақыттағы қазақстандықтардың баспасынан айырылып қалуына кредит бойынша қарыздар жиі себеп болып жатады. "Адам кердитін жаппаса, онда жылжымайтын мүлікті кепілге алған қарыз берушінің (банк) сот арқылы баспананы тартып алуға құқық бар. Қарызды өндіру шарттары қарыз беру туралы келісімшартта көрсетілуі тиіс", - дейді Артюшенко.
Азаматтық кодекс бойынша (317 бап), өндіріп алу туралы арыз мына жағдайларда жасалады:
- өтелмеген қарыз сомасы (тұрақсыздықты, айыппұлды, өсімді есептемегенде) кепілге қойылған мүлік құнының (тараптар келіскен құн) 10 пайызын құраса;
- мүлікпен кепілдендірілген міндетін үш айдан астам уақыт орындамау.
Яғни, сіз үйді сатып алған адам емес, оның алдындағы иесі келісімді бұзғысы келсе. Бұл сізге дейінгі екінші немесе үшінші келісімшарт болуы мүмкін.
Сот оны заңсыз деп тануға себеп болатын жағдайлар:
- сатушы келісім жасау кезінде не істеп жатқанын толық түсінбеген немесе алданған, оны қорқытқан, оған күш қолданылған болса;
- сапасы келісімдегі шарттарға сәйкес келмеген кезде, бұрын байқалмаған ақаулар шықса.
Бұл үйдің құнын айтарлықтай төмендетіп жіберетін кемшіліктерге ғана қатысты. Келісімшартқа қол қоятын кезде сатып алушы үйді аралап, кемшіліктерін анықтауы міндет. "Жер телімі 9 жыл бұрын сатқан иесіне қайтарылған жағдай да болған. Бұл уақытқа дейін оның 10 шақты иесі ауысқан (заңды да, жеке де), - дейді заңгер.
Келісімнің маңызды шарттарын орындамау
Іс жүзіндегі заңнамаға сай келісімнің кей шарттары сатып алу-сату келісімшартында көрсетілуі міндет. Осылайша, құжатта кадастрлық нөмірі, нақты мекенжайы, пәтер нөмірі немесе басқа сипаттамалары көрсетілмесе, мұндай келісімді жою оңай.
Өкілеттіліктің/өзге тұлғалардың келісімі болмағанда
Мәселен, сіз пәтер сатып алдыңыз делік, ал кейін ашулы меншік иелері, есепке алынбаған мұрагерлер немесе сатушының әйелі, не күйеуі пайда болады. Күші жойылған сенімхат арқылы келесімшарт жасау да осындай жағдайға жатады. Егер олар өз мүддесі дұрыс екенін дәлелдесе, сіз баспанадан айырыласыз.
Әрине, сіз төленген қаржыны қайтаруға құқылысыз, дегенмен, ондай адамды жақын уақытта таба алмай қалуыңыз мүмкін. Сондықтан заңгерлер қауіпсіз сатып алу ережелерін ұстануға кеңес береді.
Жалған құжаттар
Бір немесе бірнеше құжат - мүлікті басқаруға сенімхат немесе мұның алдындағы сатып алу-сату келісімшарты жалған болса. Келісімшарт өкілетті органмен тіркеуге алынса да, өкінішке қарай, сіз баспанаңыздан айырыласыз.
Баспанаңыз мемлекеттің мұқтажына алынуы мүмкін
Мұнда бастысы - дер кезінде сақтандыру. Өтемақы сомасымен келіспесеңіз, басқа баспана талап ете аласыз немесе бағалау сомаңызды алдын ала тәуелсіз бағалаушы арқылы біліп, дауды сот арқылы шеше аласыз.