1. Басты
  2. Оқы
Реклама
Реклама

Денис Теннің қайтыс болғанына алты жыл: өлтірген адамдардың жазасы жеңілдеді

Қызық әрі пайдалы мақала ✅ Денис Теннің қайтыс болғанына алты жыл: өлтірген адамдардың жазасы жеңілдеді ⚡ Tengrinews.kz интернет-порталында өзекті тақырыптағы жарияланымдарды онлайн оқыңыз.

Денис Тен Фото ©️ Tengrinews.kz

Tengrinews.kz тілшілері Денис Теннің өліміне кінәлілер жазасын қай жерде өтеп жатқанын және неге жаза жеңілдегенін анықтады.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қайғылы қазасына алты жыл өтті. 2018 жылғы 19 шілдеде спортшының көлігінің айналарын ұрламақ болған қарақшылардың бірі Нұралы Қиясов спортшыны аяғынан пышақ сұқты, салдарынан Денис Тен қаза тапты. 

Қылмыскерлер қанша уақытқа сотталды? 

Жеті айдан кейін, 2019 жылғы 17 қаңтарда қылмыскерлер Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов адам өлтіру, ұрлық және тонау бойынша кінәлі деп танылды.

Олар қатаң режимдегі колонияда 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Кейін олар Алматы облысы Заречный кентіндегі ЛА-155/12 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқаны белгілі болды. 

Олардың сыбайласы Жанар Толыбаева орташа қауіпсіздік мекемесінде 4 жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ бір жылдан кейін, 2019 жылғы желтоқсанда ол қамаудан босатылды. Сот оның денсаулық жағдайына және қамауда баласының болуына байланысты жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеумен ауыстыру туралы шешім қабылдады. Ол кейін колонияға оралды және 2021 жылғы желтоқсанда босатылды.

Қылмыскерлердің жазасы неге жеңілдеді? 

Басылым тілшілері Денис Теннің өліміне кінәлілер қазір жазаны қалай өтеп жатқаны және оны жеңілдетуге немесе мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беруге әрекеттенгенін анықтап көрді. Нәтижесінде тосын мәліметтер пайда болған. 

2023 жылғы 19 қазанда Қонаев қалалық соты Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №12 мекемесі басшысының қатаң режимдегі (қауіпсіздігі жоғары) мекемесінде отырған Нұралы Қиясовқа жазаны жеңілдету туралы ұсынысын қарады. 

Бұған 2023 жылғы наурызда қабылданған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық іс жүргізу және жазаны атқару саласындағы адам құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" жаңа Заң түрткі болды. Заңға сәйкес, қасақана қылмыс жасағаны үшін екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған, бұрын бас бостандығынан айыру орындарында болмағандар жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеуге тиіс.

Сондай-ақ, Алматы облысының қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторында 7 ай 29 күн болу мерзімін тәулігіне жарты тәулік есебімен санауды, яғни тағы 4 айды сотқа жатқызуды ұсынды. 

"Сот Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 17 наурыздағы №212-VII ҚРЗ заңын басшылыққа ала отырып, Алматы облысы және Жетісу ауданы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №12 мекеме бастығының қамауда ұстау мерзімін есептеу туралы ұсынысын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 17.01.2019 үкімімен сотталған Нұралы Дәулетбекұлына тағайындалған жазаны өтеу орны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесі ретінде белгіленсін", - деді Қонаев соты.

Сот екінші сотталушы Арман Құдайбергеновке қатысты да осындай ұсынысты қарады. Ол үшін судья үкімге дейін қамауда болу мерзімін төрт айға есептеп, оны максималды қауіпсіздік мекемесінен орташа қауіпсіздік мекемесіне ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Қиясов пен Құдайбергенов қазір қайда?

Денис Теннің өліміне кінәлілер қазір қайда жазасын өтеп жатқанын және қандай жағдайда қамауда отырғанын анықтау үшін Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне сауал жолданған.

Сотталғандар Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарындағы қауіпсіздігі орташа түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқаны хабарлады. Уақытша жағдай және жұмыс орындарының жетіспеушілігімен байланысты олар колонияда жұмыс істемейді.

"Бұл сотталғандар ұстаудың қалыпты жағдайында және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес оларға жылына екі ұзақ және алты қысқа мерзімді кездесу белгіленді".

ҚАЖК баспасөз қызметі өкілдері Құдайбергендер мен Қиясовтың медициналық көмекке жүгінбегенін айтты.

Денис Тен мәңгі жүрегімізде

Денис Тен 1993 жылғы 13 маусымда Алматыда дүниеге келген. Денис мәнерлеп сырғанаудағы мансабын 1999 жылы бастап, 2006 жылы 12 жасында ересек спортшылармен күш сынасып, Қазақстан чемпионатын жеңіп алды.

Жасөспірімдер арасындағы Гран-приді (2008) жеңіп алған ол өз елінен Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) турнирінде медаль алған алғашқы конькиші атанды. Тен 16 жасында 2010 жылғы Олимпиадада Қазақстан атынан қатысып, ең жас ер қатысушы атанды.

Ол әлем чемпионаттарында екі рет медаль жеңіп алды: 2013 жылы күміс, ал екі жылдан кейін қола. Осы жетістіктер арасында Тен 2014 жылғы Олимпиадада үшінші орын алды. 2015 жылы Денис төрт құрлық чемпионатында алтын жеңіп алып, ISU чемпионатының алғашқы жеңімпазы атанды.

Реклама
Реклама