Димаш Құдайбергеннің әсері. Чилилік қыз домбыраға ғашық болып, қазақтың ондаған әнін үйреніп алған

Димаш Құдайбергеннің әсері. Чилилік қыз домбыраға ғашық болып, қазақтың ондаған әнін үйреніп алған Видеодан алынған кадр

Қазақ мәдениеті әлемнің түкпір-түкпіріне танылып жатыр. Бұл жолы домбыра үйреніп, қазақ әндерін орындап жүрген Чили тұрғыны назарға ілікті. Мария Муньос ол үшін Қазақстанда дүниеге келу міндетті емес, шынайы қызығушылық пен интернеттің болуы жеткілікті екенін дәлелді. Tengri Life тілшілері онымен байланысып, қалай Атырауда достар тапқанын және неге оның ең үлкен арманы Катон-Қарағайды көру екенін білді.

Қазақ мәдениеті әлемнің түкпір-түкпіріне танылып жатыр. Бұл жолы домбыра үйреніп, қазақ әндерін орындап жүрген Чили тұрғыны назарға ілікті. Мария Муньос ол үшін Қазақстанда дүниеге келу міндетті емес, шынайы қызығушылық пен интернеттің болуы жеткілікті екенін дәлелді. Tengri Life тілшілері онымен байланысып, қалай Атырауда достар тапқанын және неге оның ең үлкен арманы Катон-Қарағайды көру екенін білді.

Бәрі неден басталды?

О’Хиггинс өңірінен шыққан Мария Муньос Қазақстан туралы Димаш Құдайберген арқылы білгенін айтты. Ол әншінің желіде тараған концерттерінің біріндегі бейнежазбадан домбырада ойнағанын естіген. Бұл шетелдік қызды қазақ мәдениетімен танысуға шабыттандырған. 

"Димаштың арқасында мен домбыраға әуестендім. Өте талантты жігіт, Құдай сіздерді жарылқасын. Мені осы әлеммен таныстырғаны үшін  рахмет!" - деді ол.

Мария екі жылдан бері өзі домбыра үйреніп жүр. YouTube-тағы видеоларды қарайды, әуендерді таңдап, оқу бағдарламаларын пайдаланады. Мария әсіресе бұрын қолыға ұстап көрмесең, домбырада ойнау қиын екенін мойындайды. Күнделікті жаттығу бірнеше сағатқа созылып, саусақта күлдіреуік пайда болады.

"Домбырада ойнау бұл керемет аспаппен таныс емес адамдар үшін қиын. Мен тыңдап үйренемін, YouTube-тағы видеоларды қараймын, домбырашы Жақсылық Надырбеков жасаған Dombyra Soft бағдарламасынан бастадым", - деді ол.

Жан тебірентетін әндер

Марияның репертуарында Ақан Серінің әйгілі "Балқадиша" әні ерекше орын алды. Чилилік мұғалім үшін бұл ән жеке сынаққа айналған.

"Бірнеше ай бойы мен оны көзге жас келмей айта алмадым. Мен бұл оқиғаның мұңын терең сезінемін. Оны айту оңай болған жоқ, бірақ бұл соншалықты әдемі ән, мен оны міндетті түрде айтуым керек болды", - деп бөлісті ол.

Мария Муньостың репертуарына классикадан бөлек Димаш Құдайбергеннің "Самалтау" және "Қараторғай" әндері, Музарт тобының "Үшқоңыры", сондай-ақ "Көңіл толқыны" күйі және басқа да туындылар енген.

Желі реакциясы

Марияның видеоларының астында жүздеген пікір бар, қазақстандықтардан басқалары да жазған. 

"Нағыз қазақ қызы сияқты ойыныңмен от жақтың!", "Қандай керемет орындау! Рақмет, Мария ханым", "Браво! Брависсимо!", "Браво, қымбаттым, сіз Димаш фан-клубының тамаша өкілісіз", - деп жазады көрермендер.

Мария каверлерді танымал болу үшін жазбайтынын айтты. 

"Мен қазақша каверлерді музыкасын, мәтінін және таңдаған әр әннің тарихын жақсы көргендіктен жазамын. Адамдарға менің жасағаным ұнайды, олар әрдайым жақсы пікір қалдырып, жалғастыруға шақырады, мен өзімді шын жүректен бақытты сезінемін, әрі ризамын", - деді ол.

Қазақ мәдениетін зерттеу барысында Марияның Қазақстанда көптеген достары пайда болған, олардың арасында Атыраудағы домбыра академиясының оқушылары мен ұстаздары, сондай-ақ шетелдік қызға арнап аспап жасаған шебер Ерасыл Әділбеков бар.

"Өкінішке қарай, екі ел арасындағы уақыт айырмашылығына байланысты біз жиі сөйлесе алмаймыз, бірақ әрқашан байланыстамыз. Негізі -  Қазақстанға және қазақтар үшін қасиетті нәрселердің бәріне деген терең құрмет пен сүйіспеншілік деп айтар едім", - деді ол.

Ол қазақстандық мектеп оқушыларымен бейнеқоңырау арқылы сөйлесіп, бірге жаттығу жасайды.

Марияның қызығушылығы тек домбырамен шектелмейді.

"Мәдениет, тіл, дәстүрлі музыка мен киімдер – Қазақстандағының бәрі мені таңғалдырады. Менің ойымша, қазақ мәдениеті мен дәстүрі өте әдемі, мағынасы терең болғандықтан жүрекке жетеді. Әсіресе, ою-өрнекке деген назар ерекше әсер қалдырады", - деді ол.

Қазақстанды көру арманым

Мария әлі Қазақстанда бірде-бір рет болмаған, бірақ сапар бағытын әлдеқашан жоспарлап қойған. Ол Астана мен Алматыға ғана емес, басқа қалаларға да барғысы келеді. 

"Өкінішке қарай, мен ешқашан Қазақстанда болған емеспін. Бірақ мен көптеген тарихи орынды, музейлерді, сондай-ақ ұлттық парктер мен Алматы, Астана, Қызылорда сияқты қалалар мен Катон-Қарағайды көргім келеді", - деп бөлісті ол.

Ал әзірге ол қазақ мәдениетін зерттеуді жалғастырып, шынайы музыка мен дәстүрге деген құрмет үшін шекара мен мұхит кедергі емес екенін дәлелдеп келеді. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама