Дропперлер деген кімдер және олардан келтірілген залалды қалай өндіріп алуға болады?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Алматы прокурорлары алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дропперлерден келтірілген залалды қалай өндіруге болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы прокурорлары алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дропперлерден келтірілген залалды қалай өндіруге болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Дроппер - бұл алаяқтар мен ақша алу үшін пайдаланатын адам. Әдетте, банк шоттары, карточкалар арқылы аударым жасалады немесе ұрланған қаражат қолма-қол ақшаға айналады.

Өндіріп алудың мұндай мүмкіндігі негізсіз байыту кезінде қаражат пен мүлікті қайтару міндетін көздейтін ҚР Азаматтық кодексінің 953-бабымен регламенттелген.
 
Талап арыз беру үшін мынадай құжаттар қажет:

  • қылмыстық істі СДТБ-не енгізу туралы баянаттың көшірмесі;
  • жәбірленушіні тану туралы қаулының көшірмесі;
  • банктен адамның шотына ақша қаражатын аудару туралы жауап;
  • шотына ақшалай қаражат түскен адамнан жауап алу (дропперлер).

"Егер сіз интернет-алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, қосымша сұрақтар бойынша прокуратура органдарына жүгінуге құқығыңыз бар. Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды мұқият болуға және өздерінің банктік карталарының деректері мен кіру кодтарын бөгде адамдарға бермеуге шақырады", -делінген хабарламада.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама