1. Басты
  2. Оқы
Реклама
Реклама

Енді шетелге көшіп кеткен қазақстандықтар МӘМС бойынша дәрі-дәрмек ала алмайды

Қызық әрі пайдалы мақала ✅ Енді шетелге көшіп кеткен қазақстандықтар МӘМС бойынша дәрі-дәрмек ала алмайды ⚡ Tengrinews.kz интернет-порталында өзекті тақырыптағы жарияланымдарды онлайн оқыңыз.

Фото:depositphotos.com

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі шетелге тұрақты тұруға кеткен азаматтарға МӘМС бойынша дәрі-дәрмек ресімдеу мүмкін болмауы үшін ақпараттық жүйесін жетілдірді. Бұл жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша жүргізілген. Толығырақ - Tengrinews.kz материалында.

Еске сала кетейік, мұндай жағдайлар биыл жазда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен оның өңірлік филиалдарының тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу барысында анықталған болатын. Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата Денсаулық сақтау министрлігіне шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

"Бүгінде "Бекітілген халық тіркелімі" ақпараттық жүйесі шетелге тұрақты тұруға кеткен азаматтарды медициналық мекемелерден есептен  шығару үшін "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан тікелей мәлімет алады. Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған шаралардың нәтижесінде биыл 24 қазаннан бастап осындай мәртебесі бар пациенттерге рецепт беру тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Осылайша, Жоғары аудиторлық палата нұсқамасының тармақтарының бірі орындалған. Қалған тапсырмалардың іске асырылуы бақылауда қалады.

Реклама
Реклама