1. Басты
  2. Оқы
Реклама
Реклама

Гранттан қағылған талапкерлер қайда хабарласуы керек?

Қызық әрі пайдалы мақала ✅ Гранттан қағылған талапкерлер қайда хабарласуы керек? ⚡ Tengrinews.kz интернет-порталында өзекті тақырыптағы жарияланымдарды онлайн оқыңыз.

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда жоғары оқу орындарында білім алу үшін білім грантын жеңіп ала алмаған талапкерлер үшін байланыс орталығы іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2024-2025 жылғы оқу жылына арналған білім грантын иеленбеген талапкерлердің грант иегері атануы үшін қосымша мүмкіндіктер жөнінде ақпарат ұсыну мақсатында call-орталық жұмыс істейді", - делінген хабарламада.

Call-орталық арқылы талапкер қосымша гранттар, оқу ақысын жеңілдету және басқа да мүмкіндіктер туралы ақпарат ала алады:

8 (7172) 69-50-69;
8 (7172) 69-52-92;
8 (7172) 69-50-71.

Жұмыс уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 18:00-ге дейін.

Реклама
Реклама