Хаттама планшет арқылы қалай толтырылады?
Көпшілік жүргізушіге электрондық хаттама қорқынышты көрінеді, бұл оның қалай жұмыс істейтінін білмегендіктен болар. Осыған орай жол полицейінің жүргізушіге айыппұлды электрондық планшет арқылы қалай салатынын Kolesa.kz порталының тілшілері айтып берді.
2017 жылы қазақстандық полицейлер жол жүрісі ережесін бұзғандарға электрондық хаттама толтыра бастады. Жүйе Астанада тексеріліп, кейін бүкіл елге таралды. Электрондық хаттама толтырылған кезде жүргізушілер неге назар аудару керек?
Хаттама жазғанда есте сақтайтын маңызды нәрсе бар. Кез келген жағдайда хаттамаға қол қоюдан бас тартпаңыз және оны толтыруға қатысудан қашпаңыз. Осылайша, полицияға оны өздігінен жасауға мүмкіндік бересіз және басқа баптарда көзделген ережебұзушылықты жазуына жол бересіз.
Хаттама арнайы қосымшасы жұмыс істейтін планшет арқылы интернеті бар кез келген жерде толтырыла береді. Әр жол полициясында қосымшаға кіру үшін жеке құпия сөзі болады. Құрылғы онлайн режимде ЕАӘК-ке (Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі) және құқық қорғау органдарының басқа мәліметтер базасына қосылады. Хаттама қазақ және орыс тілдерінің бірінде толтырылады. Бағдарлама интерфейсі орыс тілінде жасалған, бірақ қажет болып жатса қазақ тілінде жазуға болады.
© kolesa.kz
Хаттама толтырғанда ең алдымен ереже бұзған жүргізушінің ЖСН-ін енгізеді. Ол арқылы полицейлер жүргізуші немесе жаяу жүргіншінің аты-жөнін, жеке куәлік нөмірін және ол қайда берілгенін анықтайды. Ал өзімен ЖСН мен жеке куәлігі болмаса, хаттама жүргізуші куәлігі нөмірімен толтырылады.
Бұдан әрі бағдарлама жүргізуші куәлігін, соның ішінде нөмірін, берілген күнін, жүргізушінің санатын (қандай да бір жағдайларда - құқық бұзушының жынысын), байланыс мәліметтерін және тұрғылықты мекенжайын көрсетеді.
Келесі кезеңде бағдарламаның арнайы терезесіне автомобильдің тіркеу нөмірі енгізіледі.
Ол арқылы полицейлер көліктің ұрланғандар тізімінде бар-жоғын, техникалық байқаудан өткен-өтпегенін (тексеру күні мен жарамдылық мерзімі), сондай-ақ жүргізушіге қандай әкімшілік құқық бұзушылық тіркелгенін анықтайды. (Болашақта осы жерде сақтандыру полисі туралы ақпарат пайда болуы керек. Әзірше ол дайындалып жатыр. Жоспар бойынша, қызмет 2019 жылдың 1 қаңтарында, жүргізушілерді сақтандыру полисінің қағаз нұсқасын өзімен бірге алып жүру міндеті жойылған күні іске қосылуы керек).
Сонымен қатар, жүргізуші қылмыскерлерді іздестіру базасынан, жоғалып кеткен азаматтар, қарызы бар немесе айыпталушылардың тізімінде тексеріледі және сотты болған-болмағаны, халықаралық іздеуде жоқтығы немесе тәртіптік есеп туралы деректер қаралады.
Кейін электрондық хаттамада жол жүрісі ережесін бұзған мекенжайы, сондай-ақ Әкімшішік кодекстегі бабы (ережебұзушылықтың саны мен қысқаша сипаттамасы), айыппұл және жүргізуші қысқа мерзімде төлеуге болатын сома көрсетіледі. (Тіркелген күннен бастап жеті күн ішінде төленетін айыппұлдың 50 пайызы).
Маңызды сәт: полиция осы бөлімді толтырған кезде хаттамада көрсетілген ережебұзушылық сізге тоқтатылған кезіңізде полицейден естіген айыппен сай келетіндігін тексеріп алыңыз. Мысалы, сізді белбеу тақпағаныңыз үшін тоқтатты делік, ал хаттамада қарсы жолға шығып кетті деп жазылмауы үшін. Айтпақшы, хаттаманы толтыру уақыты еш жерде көрсетілмейді. Электрондық құжаттың жасалуы және қол қойылғаны туралы мәлімет автомат түрде мәліметтер базасына енгізіледі.
Содан кейін ереже бұзушының қорғаушы немесе аудармашы қызметтеріне мұқтаждығы, хаттама толтырылғанда оған құқығы мен міндеті айтылғаны анықталады.
Бұл парақшада жүргізуші ереже бұзу туралы өзінің түсінігін, құқығы және куәгер туралы жаза алады. Жалпы айтқанда, қажет санайтын барлық жағдайды көрсетеді. Немесе жол ережесін бұзды деген айыппен келіспейтінін айтып, әкімшілік сотқа жүгінуді талап ете алады. Ал сот жүргізушінің жол жүрісі ережелерін бұзған-бұзбағанын және полицейдің жүргізушіні тоқтатуының заңдылығын (жол полициясына хаттаманы жойғаны үшін сөгіс немесе басқа тәртіптік әрекет қолданылады) тексереді. Жүргізуші түсініктемені планшеттің пернетақтасымен өзі жазады.
Маңызды! Хаттамада куәгерлер түсініктеме жазатын және қол қоятын бөлім жоқ. Жол ережесін бұзбағаныңызға сенімді болсаңыз, яғни дәлелдейтін куәгер болса, істі сот арқылы шешкен жөн. Ал куәгерден барлық мәліметті жазып және одан жазбаша көрсеткіш алуға тырысу керек.
Мысалы, жүргізуші мас күйе көлік жүргізді деп айыпталса, ол туралы ақпарат және қолы электрондық хаттаманың арнайы бөліміне енгізіледі.
Кейін хаттаманы жүргізуші толтырып ЕАӘК-ге жіберіледі. Полицейлер мен прокурорлардың айтуынша, Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміндегі деректерді ешкім өшіре алмайды. Электрондық хаттамаға қойылған қол кінәні мойындады деген сөз емес екенін есте сақтаған жөн. Хаттаманың түсініктеме жазатын арнайы бөлімде айыппен келіспейтініңізді көрсетуге құқығыңыз бар.
Жүргізуші хаттамаға қол қоюдан бас тартса, полиция қызметкері "Танысудан бас тарту" тетігін басады. Бұл жағдайда электрондық хаттамаға екеуінің де нұсқасы жазылады. Жүргізушінің келіспеуі және полицейдің айыптауы. Бұл жағдайда ақпарат бәрібір ЕАӘК-ке жіберілмейді. Бұған қоса, оған жол ережесін бұзған бейнефайлды қоса алады.
© kolesa.kz
Нәтижесінде жүргізуші қолында хаттаманың қағаз көшірмесі қалады, оны полицейлер арнайы мобильді принтерде басып шығарылады. Құжатта электрондық нұсқада көрсетілген барлық дерек, соның ішінде айыппұл төлеу шарттары және ақшаны аудару туралы банк деректемелері көрсетіледі. Ең бастысы, түбіртекте хаттаманың дәл уақыты көрсетіледі. Бірқатар жағдайда бұл өте маңызды. Мысалы, жүргізуші мас күйінде көлік басқарды деген күдігі болса, медициналық куәландыру үшін әрбір минуттың маңызы зор.
Полицейлердің айтуынша, планшет пайда болғалы бері электрондық хаттама толтыру уақыты азайып, оған небәрі 10-15 минут жұмсайды. Жүйенің жалғыз кемшілігі - базаның кей уақытта істен шығып қалуы, оның ішінде ЕАӘК. Мұндай жағдайда, сонымен қатар, желіден алшақ жерде, мысалы трассада, тәртіп сақшылары бұрынғыша қолына қағаз алуға тура келеді.
Порталдың мәліметінше, бүгінде қазақстандық полицейлердің қолында 1000-ға жуық планшет бар. Жарты жылда 160 мыңнан аса (жалпы санның 14 пайызы) электрондық хаттама толтырылған. Жақын уақытта екі астананың жергілікті билігі мен өңірлерде тағы төрт мыңнан аса құрылғы сатып алу жоспарлап отыр.