1. Басты
  2. Оқы
Реклама
Реклама

Жас ғалымдар - Қазақстан ғылымының болашағы

Қызық әрі пайдалы мақала ✅ Жас ғалымдар - Қазақстан ғылымының болашағы ⚡ Tengrinews.kz интернет-порталында өзекті тақырыптағы жарияланымдарды онлайн оқыңыз.

Адамзат тарихындағы барлық табыстарға білім мен ғылымның арқасында қол жеткізілді. Сонымен қатар қазіргі озық технология дәуірінде ғылымсыз ешбір ілгерілеу мүмкін емес. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің бірінші отырысында сөйлеген сөзінде еліміздің ғылыми-техникалық саясатының одан әрі басымдықтарын айқындау мақсатында:

"Қазақстан - ғылыми прогресті анықтайтын алдыңғы қатарлы елдердің қатарында болуықажет. Бұл мақсат қиын болып көрінгенімен, оған жетуге ұмтылуы керек. Қазақстанда ғылыми әлеуеті жоғары мектеппен білікті ғалымдар бар. Мемлекет тарапынан да ғылымға жан-жақты қолдаулар көрсетіліп жатыр. Соңғы жылдары ғылыми зерттеулерді мемлекеттік қаржыландырудың көлемін ұлғайту және тетіктерін жетілдіру, ғылыми ұйымдарды кезең-кезеңімен жаңғырту, шетелде тағылымдамадан өтетін жас ғалымдардың санының ұлғаюы, докторантураға және ғылыми зерттеулерге бөлінген гранттар саны артып жатыр" - деп атап көрсетті.

Жас ғалым - ғылыми зерттеулер саласындағы болашақ кәсіби мамандар. Сондықтанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология және биотехнология факультетінде де жас ғалымдары елімізде биология мен биотехнология ғылымының дамуына өз үлестерін қосып жүрген мектептердің бірі. Жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстары мен алынған нәтижелерді дамыту бойынша жыл сайын жоспарға сай өткізілген ғылыми іс-шаралар өткізіп отырады.

Жыл сайын "Болашақ" бағдарламасы аясында әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өту туралы сұрақтар бойынша жас ғалымдарға (магистрант, докторант және оқытушылар) "Халықаралық бағдарламалар орталығының" өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып отырады. Сонымен қатар жас ғалымдардың ғылыми жұмыстарының нәтижелерін сұранысқа ие болуы мен ғылыми шығармашылығын дамыту мақсатында "Web of Science мәліметтер базасын және заманауи наукометриялық әдістерді қолдану" Clarivate компаниясының Орталық Азия аймағындағы ресми өкілдері мен ғылым және оқу ресурстары бойынша сарапшылармен кездесулер болады.

Факультетіміздің жас ғалымдары алыс және жақын шетелдерде өткізілетін халықаралық конференциялар мен симпозиумдарға белсенді қатысады. Атап айтсақ, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының жас ғалымы Есенбекова А. 2022 жылы Мексикада "II ғылыми-зерттеу конгресте",  биотехнология кафедрасының жас ғалымдары Юрикова О. "Ғылым, теория және практика" IV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында (Токио, Жапония), Масжан А. "Микроорганизмдердің биологиясы және биотехнологиясы" халықаралық микробиология конференциясында (Өзбекстан, Ташкент) өздерінің ғылыми жұмыстарын жетістікпен көрсете білді. 

Студенттер мен жас ғалымдардың "Фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференциясынан көрініс

Сонымен қатар биология және биотехнология факультетінің жас ғалымдары жыл сайын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ де ұйымдастырылатын Халықаралық Фараби оқулары аясында өткізілетінстуденттер мен жас ғалымдардың "Фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференциясын ұйымдастыруға және өздерінің ғылыми жұмыстарын баяндауға белсенді атсалысады өткізілді. 

Сурет 1- Студенттер мен жас ғалымдардың "Фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференциясынан көрініс

Биология және биотехнология факультетінің жас ғалымдары Қазақстан республикасы жоғары білім және ғылым минстрлігінің қаржыландыруымен жүзеге асатын ғылыми жобалардың жүзеге асуында өздерінің белсенділіктерін көрсетуде. Биотехнология кафедрасының жас ғалымдары PhD Болатхан К., PhD Сарсекеева Ф.К. цианобактериялар мен микробалдырлардың негізінде биоотын және ауылшаруашылық өсімдіктерінің өнімділігін арттыру үшін биопрепараттарды алу тәсілдері бағытындағы ғылыми жобалардың ғылыми жетекшілері сонымен қоса генетика және молекулалық биология кафедрасының жас ғалымдары Смекенов И.Т. Тайпакова С.М. және Жусупова А.И. іргелі және қолданбалы жобалардың ғылыми жетекшілері.

Жыл сайынғы университетімізде ғылым жолында өзіндік орын алып жүрген жас ғалымдар үшін өткізілетін "ҚазҰУ Үздік жас ғалымы" байқауының иегерлерібар. Үстіміздегі 2022-2023 оқу жылының  "ҚазҰУҮздік жас ғалымы" атағының иегері, биотехнология кафедрасының оқытушысы, Талипова А.Б.

Жас ғалымдардың халықаралық деңгейдегі келісім шарттар бойынша шет елдік жоғары оқу орындары мен мен ғылыми ұйымдарда "Болашақ" бағдарламасы және басқада академиялық мобильдік бойынша алмасу бағдарламаларыменөздерінің ғылыми біліктіліктерін жетілдіріп отырады. Солардың арасында Пизан Университеті (Италия, Пиза қ.), Верген университеті(Норвегия), Гранада университеті (Испания, Гранада қ.), Ғылыми университеті (Малайзия, Пенанг), Хайфа университеті (Израиль, Хайфа қ.), Нью-Гемпшир университеті (АҚШ, Дарем), Лилл университеті (Франция), Дебрецен университеті (Венгрия, Дебрецен қ.), Остин университеті (Техас, АҚШ), Гюстав Рози институты (Франция) және т.б. Сонымен бірге факультетіміздің  жас ғалымдары Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ, "Микробиология және вирусология институты" РМК, "Жалпы генетика және цитология иснтитуты" МШК және басқада республикалық ғылыми ұйымдар және орталықтармен зерттеу жұмыстарын жетілдіруі бойынша тығыз қарым-қатынаста.

Факультетіміздің жас ғалымдары өздерінің атқарып жатқан ғылыми жобаларының негізінде патентті-лицензиялық жұмыстарды және Scopus және Thomson Reuters базасында мақалаларының жарық көруі жыл өткен сайын артуда. Scopus базасында индексирленетін ағылшын тіліндегі ұжымдық монографиядағы ғылыми монографиялар жинағында биотехнология кафедрасының жас ғалымдары б.ғ.к. доцент А.С. Кистаубаева, А.Масжанның ғылыми жұмыстары "Microbial Communities and their Interactions in the Extreme Environment" ғылыми монографиялар жинағында бөлім ретінде жарық көрді. 

Сонымен ғылымның болашағы да, қоғам өмірінің кез келген саласы сияқты, жастардың қолында. Осыған байланысты еліміздің ғылымын дамыту мақсатында биология және биотехнология факультетінде жоғары білікті және бәсекеге қабілетті жас зерттеушілерді қалыптастыру, дарынды жастарды ғылымға тарту және топтастыру, жас зерттеушілер үлесін арттыру бойынша қарқынды жұмыстар атқарылуда. 

Сыдыкбекова Р.К.,

Акмуханова Н.Р.,

Бержанова Р.Ж.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

биология және биотехнология факультеті

биотехнология кафедрасының оқытушылары

Реклама
Реклама