Жасырын қауіп: үйдегі бұл заттарды ай сайын ауыстыру керек
Үйде пайдаланғаннан кейін қысқа уақыт ішінде бактерия, кір және шаң жинайтын бес зат бар. Мамандардың айтуынша, оларды айына кем дегенде бір рет ауыстыру қажет. Бұл туралы Doctorpiter жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Мұндай заттардың бірі - жөке. Ылғал әсерінен онда бактериялар тез көбейеді, сонымен қатар оны қолдану кезінде терінің өлі бөлшектері жиналады.
"Жөкені күн сайын жуып, мұқият кептіріп тұру керек. Аптасына бір рет оны жылы су мен сутегі асқын тотығы қоспасына салып, тазалау қажет", - дейді мамандар.
Ыдыс жууға арналған губка жөкеден де көп кір жинайды. Ол патогенді микробтар мен паразиттер үшін нағыз "жұмақ".
"Таза ыдысқа микроорганизмдерді жұқтырмас үшін губканы айына кем дегенде бір рет ауыстыру керек. Ауыстырғанға дейін оны мұқият жуып отыру қажет".
Шаң сүртетін шүберектер де ең лас тұрмыстық заттардың қатарына кіреді. Шүберекте миллионнан аса микроб жиналуы мүмкін.
Сондай-ақ ас үй сүлгілері де өте лас заттар санатына кіреді. Оларды күнделікті қол сүртуге, ыдыс пен асүй жабдықтарын сүртуге пайдаланады. Осы уақытта матада көптеген зиян микроорганизмдер жиналады. Егер сүлгі бір ай бойы жуылмаса, оны жуу пайдасыз болады. Тек қоқысқа тастау қажет болады.
Ағаш қасықтар. Көптеген үй шаруасындағы әйелдер ағаш қасықтарды қолдануды таңдайды, себебі олар қазан мен табаға зақым келтірмейді, жағымсыз дыбыс шығармайды. Алайда ағаш құралдар ылғалды жақсы сіңіреді, оңай өзгеріп, жарықтар пайда болады. Сол жарықтарға ылғал мен кір жиналып, патогенді микробтардың көбеюіне қолайлы орта қалыптасады.