Жұрт "Мә-ә-ә..." деп таңғалады: Александра билегісі келген, соңында қазақша сөйлеп кетті
Театрдың грим бөлмесі. Әртістер сахнаға шығуға дайындалып жатыр. Толқыныс сезіледі, мүмкін, қыздардың көп қалжыңдайтынан болар. Қазақ тілінде қалжыңдайды. Олардың арасында - Александра Бегловада бар. Орыс қызының нақты қ әріпін дауыстап айтып жатқанын көріп, мен еріксіз басымды бұрдым. Александра мұндай назарға бұрыннан үйреніп қалған. Беглова орыс мектебін бітірді, бимен айналысқанша, қазақ тілін білмеді. Биге деген үлкен махаббаттың арқасында ол қазақ тілін үйренді, сондықтан ол кез келген қазақ тілді ұжымда өзін еркін сезінеді.
"Мен қызылордалықпын. Мен мектепте қазақша білмейтінмін, бірақ әжем мені мәжбүрледі де, ол сен Қазақстанда тұрасың, үйрен дейтін. Бірақ мен Қызылорда облыстық филармониясының ұжымымында жұмыс істей бастадым, сонда барлығы қазақ қыздары болды. Шынында да, олар мен үшін ғана орысша сөйлесті, қиналып (қиындықты бастан кешірді), содан кейін бір кезде олар маған: "Болды. Біз сенімен орысша сөйлемейміз - қазақша үйрен". Мен оларға біртіндеп емес, бірте-бірте қазақша түсіндіруге тырыстым, бірақ соңында солардың арқасында тіл үйрендім", - дейді Александр Беглова.
Оның жасы 23 те. Ол 20 жасынан Қазақстанның астанасы Көктал-1 орналасқан мемлекеттік би театры "Наз" жұмыс жасайды.
Қызылордадағы жоғары оқу орнын бітіріп, осы театрға кіруді Беглова мақсат тұтты.
"Мен "Наз" би театрын таңдадым, себебі бұл Қазақстандағы жалғыз би театры, сондықтан мен бұл жерде қызмет жасауды абырой көрдім. Сонымен қатар, мен билегенді ұнатамын, биден өзге мамандықты таңдау туралы көп ойламаған едім", - дейді бойжеткен.
Ол ойланған жалғыз нәрсе, ол қайда баратынын білмеді. Нұр - Сұлтанға немесе Алматыға бару туралы ойланатын. Нәтижесінде ол астанада қалды.
"Наз" би театрында бәрі көңілімнен шығады, басынан менің жаным осы театрды қалады. Мен Қызылорданың 40 градус ыстығынан, Астананың 40 градус суығына көшіп келдім, бірақ бұл мені қорқытқан жоқ" , - дейді Беглова.
Александра мүлдем қорқақ емес. Ол мақсат қояды және ұқыпты істейді. "Наз" театрының көркемдік жетекшісі Кадиша Агимбаеваның айтуынша, табандылық - Бегловаға тән қасиет.
"Ол - өзінен не талап етілетінін тез түсінеді. Ол әрдайым өз кәсібінде үлкен белестерді бағындырғысы келеді", - дейді Агимбаева.
Өткен жылы Александра "Астана аруы" сұлулық бауқауына қатысып, астананың бірінші вице-мисі болды.
Оның төлқұжаты қазақ тілінде еркін сөйлеуінде болды.
"Ол қазақ тілін өте жақсы біледі, кем дегенде жақсы сөйлейді. Оның қазақша сөйлегенін естігенде: "Мә-ә-ә... мына орыс қызы қалай қазақша сөйлеп жатыр" (орыс қызы қалай қазақша жақсы сөйлейді). Ол бізде өте ақылды және әдемі қыз", - дейді театрдың көркемдік жетекшісі.
"Мен өзге адамдар секілді қазақ тілін мектепте үйренгім келді, бірақ соңында барлық нәрсенің өз уақыты бар екенін түсінідім. Сен тілді үйренуге тура келгенде, өз-өзіңмен тілді меңгере бастайсың. Бұл нәрсеге тәжірибе керек. Егер адам тілін білмейтін елге барса, ол қалай болсын, тілді меңгереді. Сол себептен, ол үшін бір жағдай мен тәжірбие керек", - дейді Беглова.
"Менің қазақ тілін меңгергісі келетіндерге кеңесім: ауылға 2 айға барыңыздар, жазғы демалуға барған сияқты, сол кезде мемлекеттік тілді еркін меңгеретін боласыздар. Менің үйренуім үшін көбірек уақыт кетті, бәлкім, орыс мектебінде білім алғаннан болар, мен жақсы сөйлеуім үшін 1 жылдай уақыт кетті", - дейді ол.
Қазір бойжеткен қазақ тілін биге деген құмарлығының арқасында үйренгенін мойындайды.
"Биге келмегенде, достарым, әріптестеріммен жақын араласпағанымда мен тілді үйренбеген болар едім", - дейді Александра.
"Күлкілі сәттер әлі күнге дейін болады. Көбіне адамдар мені түсінбейді деп ойлайды, қазақша сөйлеп тұрады. Кенет мен оларға қазақша жауап берсем, олар әрдайым таңғалып аузынын ашады", - дейді Беглова.
"Наз" театры - халық билері емес. Осында толыққанды қойылым қойылады. Сонымен қатар, ең өзекті тақырыптар сахналанады. Міне, осындай қойылымның бір үзіндісі - гаджеттер мен виртуалды әлем адамдар арасындағы тікелей байланысты қалай бұзады.
Сахнада не болып жатқаны кез келгенді ойландырады. Міне, бұл - бидің күші.
Мәтін: Ренат Ташқынбаев
Сурет: Тұрар Қазанғапов