Қар жайлы не білесіз? 101 түрлі қар атын атап бере аласыз ба?
Біз, бір нәрсені білуміз керек. Бір нәрседен көп нәрсені үйренуміз және аңғарумыз керек. Сонда ғана бір заттың құынын танып, дұрыс бағасын бере аламыз.
Қар деймізгой. Қысты күні табанмыздың астында аязда сықырлатып басып жүрген қарды, ақ затты.
Иә, оның аты қар. Басқа аты жоқ. Бірақ та сол қардың, сол заттың мың сан сырын, миллион қырын біле бермейміз - ау, деймін.
Міне, бұл - терең білім, ғажап ғылым, өрісті өнер, білуге тиісті білім, үйренуге татыитын ғылым. Өнері - ғылымды адамдар үнемі айналасына білім, ғылым, өнер көзімен қарап, көкірегіндегі алтын сандығына керекті, деректі білім дәнін жыинап жүреді. Төрт құбылаға түгел ғашық көз қыдыртады.
Мен бұл ретте "Қар және қардың түрлерін", "Қардың ерекшеліктерін" айтып көппен ой ортақтасуды оң санадым.
Иә, қар десе, көп адамның көз алдына Қазан, Қараша, Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан, Наурыз айларында аппақ болып, қапалақтап жауып тұрған қар мен жердің жүзін аппақ болып қымтап тастаған ақ қардың көрнісі келеді. Расында, әр маусымның өзіне тән әдемілігі, өзіне тән жарасымы, өзін тән хас сұлуығы, өзіне тән құбылмалы ауа райы, жауын - шәшіні, боран - шапқыны, өзіне тән мінезі, бөгенайы бөлек көрнісі, сымбатты сұлу сыры, өзгенше бөлек қыры болады.
Біз, ең әуелі соны білуміз және ұрпақтармызға, соны үйретуміз парыз. Адамның күллі өмірі табиғаттың аялы алқанында, жаратылыстың ғажайып құшағында өтеді. Әр пенденің және барлық жан- жануардың аузы судан, тынысы ауадан, табаны қара жерден айрылмай өмір сүреді.
Жерсіз - еш тіршілік жоқ, жерсіз бір қылқан көктемейді, бір қияқ көгермейді, бір дән өнбейді, бір жан өмір сүрмейді. Атам қазақ " Жер - ана, алтын ауа, мөлдір су, торқа топырақ" деген сөзді әншейін айта салған жоқ. Бар тіршіліктің тірегі, тірілтушісі, өндірушісі - жер мен ауа, су мен от екенін бағы заманд - ақ түсініп айтқан ғой. Көк шөпті жұлмау, құстарды қырмау, ата қонысын аялау, отпен ойнамау деген дәстүрдің тұп төркінінде түндікті ой, кіндікті тәлім, тарлан тағылым, шебер шешім жатыр емес пе?!
Мен, бұл жерде тек қана қар жайында қаузап айтуға қалам алып, қарды жазуға қарманып отырмын. Алла тағала жаратқан он сегіз мың ғаламның терең құпия сыры бар, жұмбақ жапсары бар. Әне, анаған қара хикмет.
Алла жаратқан заттар еш қайталанбайды, бір-біріне мүлде ұқсамайды. Ағаштың сан жетпес жапырақтары мен дыңдары бір-біріне ұқсаиайды, жердегі көк жамылғы шөптер де бір-біріне мөлде-мөлде ұқсамайды. Құдды сол секілді аспаннан түскен жаңбыр тамшылары мен жауған қардың әр түйірі де бір-біріне мүлде ұқсамайды. Осының өзінен Алланың бір екенін, хақ екенін, қайталанбас құдіретті күш екенін, ғажап энергия екенін дәлелдеп тұрған жоқ па?!
Жә, мынаған қараңыз. Анау түпсіз аспан аясынан жерге қарай ақ көбелектей қалқып ұшып келе жатқан сансыз-сансыз кішкентай қар түйіршіктері бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Кереметі сол салқын ауада қалқып, төменге қарай баяу жылжып ұшып келе жатқан қар түйіршіктері кеңістікте бір біріне жабысып та қалмайды. Бір-біріне соқтығыспайды. Ауа дағы өз бостығын сақтап, өзіне тән ритимімен келіп жер бетіне қона береді, үсті-үстіне түсе береді.
Бұл жұмбақ емес пе... Біздің бүлдіршін балалармыз соны біліп өсуі керек. Қар түйршіктерінің құрамының 90 пайызы ауадан тұрады. 10 пайзы қар ұлпасы. Сондықтан, ол жер бетіне өте баяу қалқып келіп түседі. Сағатына 0,9 шақырым жылдамдықпен төменге қарай қалқыиды.
Ал, жер бетіндегі ең суық мұздың температурасы - 60 градус. Ең жылысы 0 градусқа тең болады. Қар судың бетіне түскенде өте жоғары жиіліктегі дыбыс шығарады. Оны адам құлағы ести алмайды, мұндай дыбыстарды тек су түбіндегі балықтар ғана естиді.
Қар біріңғай ақ түсті ғана болмайды, қызғылт түсті де болады. Қызғылт түсті қарды биік тау бөктерлерінен, жазық аймақтардан кезіктіруге болады.
Қар қристалдары - күн сәулесінің 90 пайызын шағылыстырады. Қар ұлпасының диаметрі 5 мм,массасы 0,04 граммды құрайды. Қарды зертеген әлем ғалымдары осы уақытқа дейін табылған ең үлкен қардың диаметрі - 38 сантиметр екенін ғылым жаңалықтары хабарында жариялаған.
Мұндай үлкен қар ұлпасы АҚШ-тың Монтана штатына 28 қаңтар 1887 жылы жауған екен. Биік таулар және жазық аймақтардағы "Қарлы хламидомонада" деп аталатын балдырлар әсерінен қар қызыл немесе қызғылт түсті болып өзгереді. Мұндай қардың дәмі қарбыз дәміне ұқсайды. Қар тек жер шарында ғана емес Марс пен Титанда және Сатурн серігінде бар. Марста қар ұлпалары көмірқышқыл газынан, ал Титанда метаннан жауады.
Жапонияда қар ұлпаларына арналған мұражай бар. 19 қаңтар - бүкіләлемдік "Қар күні". Финляндия аумағындағы "саам" халқының тілінде қар, мұз және олардың түрлерін сипаттайтын 180-ге жуық сөз бар, ал эскимос тілінде 20-дан астам сөз бар екен. Қардың бір текше метрінде үш жүз миллионнан астам қар ұлпалары болады. Су бетіне түскен қар балықтарға өте жағымсыз дыбыс шығарады екен,бірақ бір қызығы адамдар бұл дыбысты естей алмайды екен. Жапон халқының арасында өз жеріне жауатын қардың басқа елдерге қарағанда ерекше болатыны туралы көп аңызға айналған.
Сіз білесіз бе ? Әлемде "Халықаралық қар және мұз кеңесі" бар. Сол Кеңестегі ғалымдардың зерттеуі бойынша қар қыиршықтары жеті түрге бөлінеді:
1. Жұлдызды қиыршықтар,
2. Ине тәрізді қиыршықтар,
3. Таяқшалар тәрізді қиыршықтар,
4. Кебіс үлгісіндегі қиыршықтар,
5. кеңестік сызық үлгідегі қиыршықтар,
6. Шашақты таяқша қиыршықтар,
7. Сан қырлы қиыршықтар.
Ал, қарды әр елде әр түрлі сыйпаттайды. Одан да қызығы Қар қиыршықтары ән салады. Міне, соны білу балалар үшін тіптен қызық. Қар жауған кездегі жылдамдығынан туындайтын әуенді - "Қардың әні" дейді екен. Бірақ дыбыс адам баласына естілмейді екен. Одан да таңғаларлығы әлемдегі адамдардың тең жартысы қарды әлі көрмеген екен.
Қазақ халқының тілінде қар туралы қанша атау барын сізге білген дұрыс:
1. Ақша қар - жаңа жауған таза қар.
2.Алақанат қар - бір аумаққа жауып, бір аумаққа жаумай, жерге ала түскен қар.
3. Анжыр - қардың еріп қатуы. Қарғынға аралас қатқан қарлы мұз.
4. Боз қырау - күзгі күні тоңазудан болатын щық.
5. Жапалақ қар - ірі түйіршікті жапырақтап жауған қар.
6. Жылбысқы қар - ери жауған қар.
7. Көбік қар - жерге түскенде астыңғы қабаты ери беріп, беті көпіршіген жұмсақ қар.
8. Күпсек қар - қалың жауған ұлпа қар.
9. Күртік қар - беті қатқан, жаяу жүргенде ақсақ ойылатын қалың қар.
10. Қасат қар - ұзақ жатқан қалың қар.
11. Қиыршық қар - жентектелген түйіршік қар.
12. Қылау - ауадағы су буынан немесе салқын тұман тамшыларынан түрлі зат бетіне, ағаш бұтақтарына қонатын мұз қабаты.
13. Қырау - суық күзде тоңазыған дымқыл ауаның бір нәрсеге қар тәрізді ағарып қонған түрі.
14 Қырбық қар - жұқа жауған қар.
15. Мұздақ қар - үстін мұз торлаған, көкшіл түсті, беті жылтыр сырғанақ қар.
16. Омбы қар - ат бауырлайтын қалың қар.
17. Сонар қар - алғаш жауған қалың қар.
18. Сүрі қар - ерте түсіп, ерімей, қыс бойы қалыңдаған, тозаң топырақ сіңіп, беті күлгін тартқан нығыз қар.
19 Сіреу қар - ұзақ мезгіл мызғымай жатқан аяқ бастырмас, көлік жүрісіне бөгеу қатты қалың қар.
20. Ұлпа қар - түйіршіктері үлбіреген жеңіл үлпек қар.
21 Үйме қар - боранды жел сырғытып, бір жерге тау-төбе болып үйілген қар.
22. Үрме қар - жел үрлеп, жиынтықтанған тығыз қар.
23. Ақ қар – жаңа жауған тап-таза қар.
24. Құрым қар – жаңа жауған құрғақ, жұқа жұмсақ қар.
25. Үлпілдек қар – өте жұмсақ, үлбіреген жаңа жауған қар.
26. Қасат қар – ұзақ жатқан, қатып қалған қалың қар.
27. Қоқым қар – ұшқындап жауған, жұқа қар.
28. Басқар – алғаш жауған қар.
29. Қабыршық қар – жаңа жауған жұмсақ және қар.
30. Сүрленген қар – жел үрлеп тығыздап тастаған және жылдар бойы ерімей жатқан қар.
31. Үлпек қар – үлпелдеп жауған жеңіл,ұлпа қар.
32 Кебіс басы қар – жұлықтан аса жауған, тобыққа таяу, кебіс батарлық қар қалыңдығын нақтылайтын халықтық өлшем.
33. Борпылдақ қар – ақпа, сусымалы, бос, борпылдақ қар.
34. Сірне қар - үйіліп жатқан қар.
35. Мамық қар – жұмсақ, үлбіреген қар.
36. Сырғақ қар – үстін мұз торлаған, көкшіл түсті, беті жылтыр сырғанақ қар.
37. Тоғайбас қар - үлкен - үлкен болып жауып тұрған қар.
38. Жылбысқа қар – ери жауған қар.
39. Көбелек қар - ұшып жүрген көбелекке ұқсап жауған қар.
40. Құм қар - құмдай ұсақ болып нығыз жауған қар.
41. Боз қар - желдетіп жауған қар.
42. Қалпақ қар - қапалақтап жауған қар.
43. Ұйтқыма қар - бұран аралас ұйтқып жауған қар.
44. Соқыр қар - көз көрім жер көрінбей жауған қар.
45. Шаңқан қар - аппақ болып көз шағылыстырған қар.
46. Жазғы қар - шілде, тамыз айлпрында жауған қар.
47. Бұршақ қар - жазда, күзде, көктемде бұршаққа айналып жауған мұзды қар.
48. Бүркек қар - жаңырға ұқсап бүркіп жауған қар.
49. Соқыр қар - бет қараатпай жауып жолды бекітіп тастаған қар.
50. Көшкін қар - тау басынан төмен аққан қар.
51. Мақта қар - ақ мақтаға ұқсап жауған жұмсақ қар.
52. Тоқым қар - тоқымдай болып ерімей жатқан қар.
53. Жал қар - жылқы жалындай болып үйіліп, қырланып жатқан қар.
54. Қырлы қар - мұз болып қыры шығып жатқан қар.
55. Ала қар - андыз - андыз болып жатқан қар.
56. Жылмағай қар - бүкіл даланы қымтап жауған қалың қар.
57. Қапсағай қар - өте қалың жауған қар.
58. Шәшу қар - бүрке жауған қар.
59. Қаспақ қар - кірленіп жауған қар.
60. Кітірлек қар - қатты аязда жаған қатты қар.
61. Үшбу қар - ұзақ жауған қалың қар.
62. Ақұлпа - баяу ғана жеңіл жауған үлпідек қар.
63. Ақжорға - боранның ығына қарай жорғалап жауған қар.
64. Қасаң қар - жауғаныны быраз болған қар.
65. Кібіртік қар - шеті еріп, қаймақ мұзға айналған қар.
66. Толқын қар - жота - жотада тау толқын болып көрініп жатқан қар.
67. Шыйрақ қар - қаңтар, ақпан ацында жауған суық қар.
68. Құрғақ қар - жаңбыр араласпай жауған қалың, сірі таза ақ қар.
69. Бүршік қар - бұршіктей - бұршіктей болып жауған қар.
70. Қылаң қар - қылаулап жауған қар.
71. Қапалақ қар - қапалақтап жауған қар.
72. Серкебас қар - Қар бүршіктері үлкен - үлкен болып жауған қар.
73. Сулы қар - жаңбыр аралас жауған қар.
74. Үзік қар - үзіліп - үзіліп жауған қар.
75. Үдемелі қар - үсті - түстіне үдете жауған қар.
76. Салқам қар- үзақ жауған қалың қар.
77. Үн қар- үнға ұқсап жауған қар.
78. Ұнтақ қар - кішкене - кішкене ұнтақтап жауған қар.
79. Үзбе қар - үзіліп - үзіліп жауған қар.
80. Жапырақ қар - ұсақ жапырақтап жаған қар.
81. Жай қар - қалыпты жауып тұрған қар.
82. Наурыздың ақша қары - Наурыз айында жауған қар.
83. Ақуыз қар - Наурызда күн мен түн теңелгенде жауған қар.
84. Сілбі қар - баяу ерй жауған сулы қар.
85. Қылау қар - қылаулап жауған қар.
86. Шеге қар - шеге болып қатып жатқан қар.
87. Көбе қар - жерде жатқан қардың жиегі ерй бастағанда, қар көбесі сөгілді дейді.
88. Тоғанақ қар- жиналған қар қалдықтары.
89. Тұманды қар - тұманды күні жауған қар.
90. Көбең қар - үлпілдеп мамық сынды жауған қар.
91. Қатқатқар - көне - жаңа болып қосылып, үсті - үстіне қатталып жатқан қар.
92. Таңдай қар - таңдай - таңдай болып, жиырылып жатқан қар.
93. Сандық қар - сандық - сандық болып жиылып қалған қар.
94. Тауқар - таудай болып үйілген қар.
95. Ақ сауыт қар- қардың қатқан түін "Ақ сауыт қар" деп атайды.
96. Кемік қар - қардың көбесі сөгіліп, шеші жемірңлген түрін "Кемік қар" дейді.
97. Қаңылтыр қар - қар жазғытұрым ерйтін кезде алдымен жұқарып қаңылтырланады. Сол жылтырап мұздаққа айналған қатты қарды "Қаңылтыр қар" деп атайды.
98. Ақ көрпе қар - бүкіл даланы бір келкі қымтап тастаған қарды "Ақ көрпе қар" деп атайды.
99. Жар қар - тау және жыра, терең сайларға боран мен жел айдап жарға айналдырып тастаған қарды "Жар қар" дейді.
100. Жалақ қар - анда - мұнда жалақтап қалған қарды "Жалақ қар" деп атайды.
101. Жолым қар - тауда - етекте, ойда - қырда жолақтанып жатқан қарды "Жолым қар" деп атайды.
Қазақ тілінде қар атауының мұананда көп түрі бар. Енді қар туралы айтылған мақал- мәтел, тәмсіл сөздерге құлақ түріп көрейік: Қыс - қар туралы мақал - мәтелдер
Ақ қар көп болса, Ақ нан да көп болады.
Көктемде шөп те көк болады.
Қардан аппақ нәрсе жоқ, Ұстасаң қолды тоңдырар.
Қардан таза нәрсе жоқ.
Ұстап тұрсаң жоқ болар.
Су байлық - Алты айлық. Қар байлық - Үш айлық.
Қара жерге қар жауар, Қарды көрген бір мұрат. Қара жерден қар кетер, Жерді көрген бір мұрат.
Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр-Жерге жауған нұр.
Үйінің төбесі жалпақтың, Үйілген қары да мол.
Қар суық па, Қайғың суық па?
Қардан да қайғың суық,
Сақ бол қар да жуық,
Қайғы да суық.
Тау теріскейінен қары азаймас, Қоңыр қойдың қоңы азаймас.
Тезек қарда жатпас, Жаман жақсымен араласпас.
Қар да кетер, қаз да жетер. Қыс та өтер, көктемде жетер.
Жылы жетпей, қар кетпес.
Бойы жетпей қыз кетпес.
Қар жауды деп қуанба, Артынан аязы болар. Қожа келді деп қуанба, Артынан ниязы болар.
Борай-борай қар жауса, Борбайлап атты өлтірер.
Аз кісіні, көп кісі қолдамаса
Өсектеп жүріп өлтірер.
Қыстың көзі - қырау,
Қардың басы - қылау.
Қыстағы қар - жерге ырыс,
Жердегі ылғал – елге ырыс.
Қыс - аязы мен қарымен
Жаз - самалы мен жаңбырымен.
Қыс азығын - жаз жина,
Жаз азығын - қыс жина.
Арбаңды қыста сайла,
Шанаңды қарда сайла.
Қазіргі ғылым тілімен айтқанда, Қар - ауа бостығындағы тұнбаға түскен мұздаған су, немесе аспан бұлтынан құлаған жұқа қабыршақ күйдегі, ақ түсті кристалға айналған, аспан суының ұлпа қабыршығы - Қар " деп аталады.
Қар қалай пайда болады? Жерге қалай жауады? Қар - апсан Атмосфе́ра қабатындағы мұздаған судың кішкентай ұлпа кристалдары. Ол - жылы ауа мен салқын ауаның жоғарғы бөлігіне көтерілген бу суы тамшыларын сіңіру арқылы пайда болып қар ұлпасына айналады. Бу суы тамшылары соқтығысқан кезде бір-бірімен қосылып, қар ұлпасын жасайды. Қарға айналған қабыршықтың салмағы ауаның кедергісінен үлкейіп, аурлаған кезде, ол жерге қарай құлай бастайды. Қар ұлпасына айналып, қапалақтап қар болып жауады. Су буының қар ұлпасына айналуы үшін ауа температурасы нөлден төмен болуы керек. Жерге қар түскен кезде, Қоршаған ортаның температурасы нөлден төмен болғанда ғана ол қар қалпында сақталады. Егер температура көтерілсе, қар қабыршықтар ери бастайды да буға айналып ауаға сіңіп жоқ болады. Ал, адамдар қарды қатты суықпен байланыстырады. Расында, қар жер температурасы 9 ° C немесе одан жоғары болғанда қалың қар жауады. Егер ауа-райы өте құрғақ не, температура өте төмен болса, онда қар жаумайды.
Сіз, мынаны біліп жүрсеңіз артық болмайды. Қар құрғайтын кездер болады. Қоршаған ортаның ылғалдылығы құрғақ болса, қар тез құрғайды. Оны қазақ " Қар сүрленді" дейді. Қар қабыршықтары құрғақ ауа массасынан өтіп, оларды ешқайда жабыспайтын ұнтақ түрге айналдырады. Құрғақ қар майда сырғақ келеді. Міне, нағыз сол кезде спорт түрлері шаңға тебу, сырғанақ ойнауғ болады.бұл жерде бір нәрсені білудің ыңғайы келіп тұр.
Қар қабыршықтары әдетте бір сантиметрден сәл асады, бірақ мөлшері мен құрамы қардың түріне және ауа температурасына байланысты болады.
Мұз кристалдары әртүрлі формада болады. Қар қабыршы алты бұрышты, жұлдыз пігінді, жапырақ бейнелі, үш бұрышты, төрт бұрышты не одан да көп бұрышты болуы мүмкін. Егер, температура төмен болса, қар қиыршықтары да, соғұрлым қарапайым және мөлшері кішірек болады. Қар қиыршықтарының мұндай түрлері тікелей жерде түзіледі. Температура нөлден төмен және жоғары ылғалдылық болған кезде жер бетіндегі су қатып, аязға айналады. Су булары қар қабыршығына айналып, жел соғатын беттерде жиналады да, суды жер бетіндегі өсімдіктерге жел күшімен тасымалдайды. Сол арқылы үлкен, қауырсынды үлпектер немесе қатты қабыршықтар пайда болады да белгілі тиянқты жерге үйледі.
Бұл жаратылыстың ұлы заңы болып есептеледі. Бұл ақпарат арқылы сіз қарды әлдеқайда тереңірек біліп, қарлы жерге барғанда, қардың түрін біліп жүретін боласыз.
Болат Бопайұлы