Қауіпті жұмысы үшін инспекторларға қосымша ақы төленуі мүмкін
Өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін жұмыстарды атқаратын табиғатты қорғау инспекторларына қосымша ақы төленуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы "Ашық" НҚА порталында жарияланған Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының бұйырығында жазылған.
"ҚР Мемлекеттік орман күзеті қызметтерінің, табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларының және жануарлар дүниесін қорғау, ормандарды қорғау, өсімін молайту және орман пайдалану жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың инспекторларының, балық шаруашылығы су айдындары немесе учаскелерін балықтандыру бойынша өсімін молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарының қызметкерлеріне денсаулыққа және өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін лауазымдық ақыдан 100 пайыз мөлшерде қосымша ақы төленсін", - делінген бұйырық жобасында.
Құжат 25 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.