1. Басты
  2. Оқы
Реклама
Реклама

Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум қандай жағдайда өтті деп есептеледі

Қызық әрі пайдалы мақала ✅ Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум қандай жағдайда өтті деп есептеледі ⚡ Tengrinews.kz интернет-порталында өзекті тақырыптағы жарияланымдарды онлайн оқыңыз.

Midjourney

Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум қандай жағдайда өтті деп есептеледі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Республикалық референдум туралы Заңға сәйкес, дауыс беруге құқығы бар қазақстандықтардың жартысынан көбі қатысуға тиіс. Соңғы мәліметтер бойынша, бұл 12 244 683 адам. Тиісінше, жартысы 6 122 342 адам.

"Референдумға шығарылған мәселе бойынша шешім, егер оның оң шешімі үшін дауыс беру нәтижесінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан көбі оны жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі", - деп хабарлады ОСК Tengrinews.kz редакциясының ресми сұрауына берген жауабында. 

Референдумға қанша қазақстандықтың АЭС салуды жақтап немесе қарсы дауыс беретіні дауыс беру күні – 6 қазандағы жалпы халықтың қатысу нәтижесіне қарай белгілі болады.

Еске салайық, атом электр станциялары бойынша референдумға арналған бюллетеньде қазақстандықтардан бір сұраққа жауап беру сұралады: "Сіз Қазақстанда АЭС салынуына келісесіз бе?"

Жауаптың екі нұсқасы болады: "Иә, келісемін" немесе "Жоқ, келіспеймін". Дауыс беру бюллетенінің қандай болатынын мына жерден көруге болады.

Реклама
Реклама